Жерді жеті айналсам да қазақтай ұлт таппаспын!

Ақтөбедегі №9 мектеп-гимназияның мұғалімі Олег Григорьевич Свет 35 жылдан бері білім беру саласында  еңбектеніп келеді. Мектеп оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін мұғалім  -  орыс ұлтының өкілі. «Жерді жеті айналсам да қазақтай ұлт таппаспын» дейтін Республиканың үздік мұғалімін Қазақстан халықтарының бірлігі күнінің қарсаңында  сөзге тартқан болатынбыз.

Асық ойнап өскен ұл
Олег Свет Атырау облысы Қызылқоға ауданының тумасы. Қызылқоға – қазақы­лықтың  қаймағы бұзылмаған жер. Ауыл мұғалімі  Людмила Дмитриевна мен инже­нер Григорий Абрамовичтің   үшінші  пер­зен­ті  Олег  өзге де  бауырлары сияқты қа­зақ мектебіне барған. Тілдік барьер бол­ма­ғандықтан түсінің  бөлектігі «тек айнаға қарағанда ғана есіне түсетін» ол  Қызылқо­ғаның қырында асық ойнап өскендігін ай­та­ды.
«Қазақтың  даладай дарқан ұлт екенді­гін маған ешкім дәлелдеп әуреге түспеді десем болады. Қажет болса, өзім-ақ оған кез келген адамның көзін жеткізіп бере аламын. Қонақжайлылықты  да,  бауырмал­дықты да  қазақтан үйрендім. Бойымдағы  жақсы қасиеттерімнің барлығы қазақ достарымнан жұққан», – дейді Олег Григо­рьевич  өзі өскен орта туралы ерекше ілти­патпен.
«Қазақ – үлкенді сыйлай білетін ұлт»
Олег Григорьевичтің айтуынша, оны 35 жыл бойы таңдай қақтырып,  таңырқатумен келе жатқан бір нәрсе бар. Ол – қазақ ба­лаларының  үлкеннің  алдын кесіп өтпей­тін  тәрбиелілігі. Сабаққа   дайындықсыз кел­ген қазақ баласына ескертуімді сәл қатты­рақ айтсам, ол менің сөзімді ағалық ақыл деп қабылдайды. Жанашырлығымды  ішкі түйсікпен ұғынады. Яғни қазақ – үлкенді сыйлай білетін ұлт. Бұл сірә, қанмен бері­летін  қасиет болса керек? Мен мұндайды өзге ұлт өкілдерінен байқай алмадым – дейді тәжірбиелі ұстаз.
Тілін де, салт-дәстүрін де өз басы  өте жақсы білетін ұлтқа тән тағы бір қасиет туралы  Олег Свет былай дейді:
«Хакім Абай  өзінің 23-інші қара сөзін­де  «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар – деген екен. Сон­дағы жұбанышы – жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш қылады» – демеуші ме еді?
Абай әулие ғой. Қазақтың  шаруасы оңға баспаса, «әй, құрысыншы, мейлі»  дейтіні рас. Өзге жұрт бастаған ісін  ақыры­на жеткізбей қоймайды. Құрысыншы дей салатын қазақы көнбістікті соңғы жылдары  өз бойымнан да байқап жүрмін. Кейде  оқушының ынта-ықыласына бола  көңілін жықпай,  «бестік» қоя салатыным бар. Бұл – дұрыс емес! Өз басым қазақтай қабілетті халықтың ұл-қызы табанды болғанын қалар едім. Шәкірттерімнен үнемі осыны талап етіп отырамын. Жасым 55-ке келсе де менің қазаққа бергенімнен алғаным көп. Ал менен қазақтың тілі мен әдебиетін үйреніп жүрген  бұл жеткіншектердің  алар асулары алда».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста