«Жер қойнына тапсырдық»: Асхат Cадырбай қайын атасына жантебірентерлік жазба арнады

«Жер қойнына тапсырдық»: Асхат Cадырбай қайын атасына жантебірентерлік жазба арнады

Елімізге танымал журналист Асхат Садырбай бұрынғы қайын атасының мезгілсіз қазасына қатысты желіде жантебірентерлік жазба арнады. Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі қайын атасы қандай адам болғанын айтып, онымен болған ерекше естеліктерімен бөлісті. Журналист бұрынғы қайын атасын ақтық сапарына шығарып салуға қатысқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Асхат Садырбай Ерке Есмахан екеуі ажырасып жатқанда қайын атасы оған бірде-бір ауыр сөз айтпағанын жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. "Былтыр күзде ғана ата отбасы мен немерелерімен астанаға келіп, бәріміз Бурабайға барып, сосын кешке түрік мейрамханасында дастархан жайып, күтіп, бір шүйіркелесіп отырып едік. Алматыда тұратын кезімде атаның сүйікті апорттарын Көк базардан іздеп тауып, пойыздан сәлемдеме салып тұратынмын. Ата да келген кезде әйтеуір бір сыйлықпен келетін. Өмір болған соң бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Басымыздан тағдырдың қиын сынағын өткізіп жатқан сәттерде де ол кісі маған бір ауыз ауыр сөз айтпаған еді. Ойланып отырсам ол да екінің бірінде кездесе бермейтін үлкен адамдық қасиет екен ғой. Жалпы ата көп сөйлемейтін, байыппен бақылап, тыңдап отырып, сосын нақты айтатын. Газет оқитын, ноутбугын тастамай жүріп көп жазу жазатын. Тіл жанашыры еді. Еңбек жолының көп жылын қазақ тілінің дамуына, өркендеуіне жұмсады, оқу-ағарту ісіне үлкен үлес қосты. Ырғыздағы музыкалық мектептің ашылуына мұрындық болған. Өзі тіл маманы болса да спорттық ойындардың ережелерін жақсы білген. Өзі ұстаз болған жылдары балаларға ерінбей сол ережелердің бәрін үйретіпті. Ауылда болса да жазда воллейбол, қыста хоккей ойнатқан. Міне, ел үшін туған азамат өз еңбегімен талай жетістіктерге жетіп, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, шөбере көріп, о дүниеге асқақ армандары орындалып аттанды. Бүгін ақсақалды жер қойнына тапсырдық. Бақұл болыңыз" , - деп жазды ол.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста