Жеңіс Сейдоллаұлына әріптестері көңіл айтты
"Қазақконцерт" ұйымы мекемесінің басшысы Жеңіс Сейдоллаұлының анасы дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Өнер иесіне алғашқылардың бірі болып сахнадағы қарындасы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде көңіл айтты.
"Отбасына және туған-туысқандарына ардақты анамыз Рысмамбетова Үрзипа Кәрібайқызының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Сұрапыл соғыстың тауқыметін көріп, тылда еңбек еткен, 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана бейнетінің зейнетін көріп, ұл-қызының ортасында бақытты ғұмыр кешті. Апамыздың иманы жолдас болып, нұрлы да мөлдір жаны бейіште шалқысын", - деп жазды Әуелбекова.
Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде бұл қайғыға ортақ екенін жеткізді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу