Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова тағы да халықтың қызу талқысына қалды. Желіде өнер иесінің елден жасырған күйеуі жайлы мәліметтер тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Instagram желісіндегі парақшаларда Мөлдір Әуелбекованың жолдасы болуы мүмкін ер азаматтың суреті тарап, желіні шулатты. Қалың көпшілік бірден қызу талқыға кірісіп, оған қатысты білетін ақпараттарын бөлісе бастады.
 
Qaz.stars парақшасындағы мәліметке сәйкес, өнер иесінің көптен жасырып жүрген жолдасы - "Теңге ілу" федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев.
 
Желі қолданушыларының мұндай болжамдарына Әуелбекованың өзі жариялаған фотосы мен онда қалдырған жазбасы себеп болған. Әнші instagram парақшасында әріптесі Мұхтар Ханзадамен түскен суретін жариялап, оның анықтамасына жолдасының суретін қай жерден көруге болатынын жазып қойған.
 
"Менің қожайыным - Қуанышымды Ишан қайнымның парақшасынан көріп аларсыздар" , - деп жазып кеткен өнер иесі.
 
 
Кейіннен әнші Мұхтар Ханзада Instagram желісінде расымен Қуаныш атты ағасымен түскен фотосын жариялаған болып шықты. Ол тіпті ағасына өлең жолдарын да арнаған.
 
 
Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Қуаныш Құрашев 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқык академиясын, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты.
 
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жеке секторда да еңбек тәжірибесі мол.
 
 
Айта кету керек, Мөлдір Әуелбекова әлі де жолдасының суретін жариялап, желіде оған қатысты тарап жатқан мәліметтерді растаған жоқ.