«Жаужүрек мың бала» – азаттықтың айнасы

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы­ның биылғы жылғы ең ірі жоба­сы «Жаужүрек мың бала» картинасы жақында көрерменге жол тартты. Мамыр айы бойы еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін тарихи экшн-фильм – белгілі режиссер Ақан Сатаевтың туындысы.
Жоңғар шапқыншылығы – азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыз­дар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі – Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауыр­ларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлық­тай.
Картинада XVIII ғасырда қазақ дала­сын­да билік құрған хандық, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған. Алайда режиссердің көркемдік шешімі, идеясы бойынша өрімдей жас батыр Сар­тай мен оның жасағына баса назар ауда­рылып, осы жасақтың атақты «Аңырақай» шайқа­сын­да жоңғардың туын жыққаны фильмнің негізгі жүгін көтереді. Қысылтаяң уақытта қазаққа қашанда бірлік пен ынтымақтың жетіспей жататыны фильмнен анық байқа­ла­ды. Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Құралай сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді. Олар кезінде ата-анасыз қалғанда өздеріне пана болған ақсақалдан тәлім алып, тау-тасты паналап, соғыстың тәсілдерін үйреніп, шы­нығумен болды, сәті түскенде әр жерде қос­тарын құрып, алаңсыз жатқан жоңғарларға тұтқиылдап тап беріп, өздерінше соғысып жүрді, өздері сынды жетім қалған жасөспі­рім балаларды жасақтарына қосып алып, күннен-күнге көбейе берді. «Сартай деген батыр жасақ жинап жатыр» дегенді естіген жастар өз еріктерімен келіп жасаққа қосы­лып жатты. Осы кезде Сартайдың кішкен­тайынан бірге өскен Таймас досы қызғаныш­тан жарыла жаздап, атақ пен даңқтың тек Сартайға бағышталғанына күйініп, тіпті досын өлтіру­ге әрекет жасайды. Алайда Сартай аман қалып, кейін Таймас «Аңыра­қай» шайқасында Сартай үшін жан беріп, өздерінің «жаудан кек аламыз» деп бір-біріне берген сертін орындайды.

Ермек Аманшаев, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті: 
– Ақан – бүгінде алдыңғы қатарлы режиссерлеріміздің бірі. Дәл осы жолы бұған дейінгі тарихи тақырыпта фильм түсірген режиссерлердің жете алмаған биігіне Ақан жеткен секілді. Ал «Жаужү­рек мың бала» бұған дейінгі картиналар көтере алмаған жүкті арқалауға тырыс­ты. Біз үшін әр адамның айтқан пікірі, сыны маңызды. Өйткені сын арқылы мін түзеледі. Мені қуантқаны – «Жаужүрек мың бала» фильмінде 99 пайыз өз елі­міздің мамандары, актерлері жұмыс жасады, қазақ киносына жаңа есімдер қосылды. Басты рөлдерді ойнаған жас­тар Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Құралай Анарбековалар аға буын ак­тер­лер Досқан Жолжақсынов, Төлеубек Аралбай, Болат Әбділманов, Берік Айт­жанов, Нұрлан Әлімжан сынды актер­лер­ден еш кем түскен жоқ. Әр актер ту­ралы жеке-жеке толассыз айтуға бо­лады. Әсіресе қазақтың батыр қызының образын жасаған – Құралай, Сартайдың рөліндегі Асылхан – қазақ киносының болашақ жұлдыздары. Ал фильмдегі Тай­мастың рөліндегі Аян кезінде Беке­жанды ойнаған Асанәлі ағасындай же­тіс­тіктерге жететініне сенімім мол.

Ақан Сатаев, режиссер:
– «Жаужүрек мың бала» фильміне басты рөлдегі және екінші дәрежедегі актерлерді таңдау мақсатында жария­ланған кастингке 22 мыңнан астам үміткер қатысты.  Түсірілім алаңында бес жүзге тарта отандық БАҚ, сонымен қатар «The Independent», «Hollywood Reporter», «Variety» секілді әлемдік ірі медиа өкілдері де болды. Фильм түсіру барысында ауа райына қатысты кейбір кедергілер болды. Өйткені түсірілімнің 90 пайызы далада жүргізілді. Актерлер екі ай бойы актерлік шеберліктерін шыңдап, атпен шабуды, садақ тартуды меңгерді. Фильмді дайындауға жалпы саны 15-тей мемлекет атсалысты, со­ның ішінде дыбыс монтажы Францияда жүргізілді.   

Қинаят Зардыханұлы, тарих ғылымының докторы, профессор:
– «Жаужүрек мың бала» – тарихи деректі емес, көркем фильм. Сондықтан картинада тарихи оқиғалар образды түрде берілді. Мұнда көркемдік әрлеу, мәнерлеу және сюжет бар. Тарихта  нақ­ты «Мың бала» деген оқиға жоқ. Бұл – арманнан туған аңыз. Алайда жер-жерде ауыздан ауызға тараған жырлар­да Сартай батыр туралы, «Мың бала» оқиғасына қатысқан адамдар туралы аңыздар бар. Мен бұл фильмге кеңесші ретінде қатыстым. Осы фильмді жасаған топтың ең үлкені – мен. Негі­зінен, «Жау­жүрек мың бала» режиссер­дің, актер­лердің қабілеттілігінің арқа­сында сәтті шықты деп ойлаймын. Қа­зір­гі жас­тары­мыздың қабілет-қары­мы­на шын риза болдым.

Біз осы уақытқа дейін голливудтық тарихи экшн фильмдерді көріп, ондағы актерлердің костюміне, соғыс көріністе­рін түсірудегі мамандардың кәсіби жұмысына, актерлердің түр-тұлғасына, сюжеттің тартымдылығына қызыға қа­рай­тынбыз. Енді өзіміздің де маманда­ры­мыз осындай биік дәреже­де фильм түсіре алатынына көзіміз жете түскен­дей. «Жаужүрек мың бала» фильміндегі ак­тер­лердің келбеті, киімдері өте жара­сым­ды. Сондай-ақ нағыз жоңғарларды көз алдыңа әкелетін образдар, костюм­дер өте сәтті таңдалған. Сондай-ақ фильм­де жоң­ғар әскерінің ескі моңғол тілінде сөйлеуі картинаны шынайы ете түседі. Фильмнің шешуші кезеңіндегі «Аңыра­қай» шайқасы нағыз қызыл қыр­ғынды көз алдыңа әкеледі. «Жаужү­рек мың бала» продюсерлерінің бірі Әлия Уәлжанованың айтуынша, фильм­ге шетел­дік дистрибьютерлер мен сауда агенттері үлкен қызығушылық танытып отыр. 17 мамыр күні Канн фес­ти­валі аясындағы кинонарықта жаңа қа­зақстан­дық туынды алғашқы драфт нұсқаларымен-ақ 20th Century Fox, Universal Pictures секілді халы­қа­ралық ірі дистрибьютерлерге таныс­ты­рылмақ. 

Бүгінде соғыстың қорлығын, жоқшылықтың ащы дәмін татып көрмеген ұрпақтың болмашы қиындыққа сағы сынып жатады. Осындайда адамды бір сілкіп, тәубесіне келтіретін фильмдердің болғаны жақсы-ақ. Біз үшін ең маңыздысы, «Жаужүрек мың бала»  – қазақ халқының рухын биіктететін, ынтымағын нығайта түсетін нағыз патриоттық фильм. XVIII  ғасырда қазақ халқының рухы осы фильмдегідей биік болғанын қазақ киносына жаңа келген буынның бейнесі арқылы көрдік. «Біз жүз болсақ та, әрқайсымыз он жоңғарға төтеп береміз, сондықтан біз мыңбыз», – деп Сартай батырдың жасағына қарата айтқан сөзі фильмді көргендердің көзіне жас үйірілтері анық. Ендеше, бүгінгі  қазақ жастары осындай фильмдермен рухтанып өссе екен деп тілейік...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста