Жас әнші Садраддиннің анасы ұлы жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті
Отандық жас әнші Садраддин Болаттың анасы ұлы жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. Әншінің анасы ұлының құрсақта жатқаннан тынымсыз болғанын айтып, "Ревю" бағдарламасында оның өнер иесі болатынын сол кезде болжағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Садраддин іште жатқанда өте тынымсыз болатын. Қатты тепкені соншалық, мен "Не футболшы болады не ритм ұстаған музыкант болады" дейтінмін. Себебі, өзім де музыкант болғандықтан, өзіміз жақтан әнші мен музыкант көп", - деді Садраддиннің анасы Айгүл Есқара. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Садраддин Болат алғаш рет ашылып сұхбат беріп, әкесі туралы айтып берді. Өнер иесі әкесінің тағдырын қайталығысы келмейтінін алға тартып, жан сырын ақтарған болатын. Сонымен қатар Садраддин жалғыз сырласы – анасы екенін алға тартты. Өнер иесі шығармашылығына қатысты анасынан кеңес сұрап отыратынын жасырмады.