Жарымжан жарнамамен күресте қашанғы итжығыс түсеміз?

Жарымжан жарнамамен күресте қашанғы итжығыс  түсеміз?

Намысың болса – жарнамаңды түзе!
«Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы

«Жарымжан жарнама, мүгедек маңдайша» деп жағымыз талмай қақсағанымызға да талай жыл. Ана тіліміздегі алғашқы қате жарнамаларға аттандағанда ақ үрпек балапан едік.  Енді қанатымыз қатайған шаққа жетіппіз. Бірақ ана тілдегі жарнаманың жетісіп «адам» болып кеткені жоқ. Қатесі күпінің битіндей өріп жүрген жарнамаларды  көрген сайын тілімізді қорламасын деп әуелгіде  зор  шыққан үніміз кейінде күбір-сыбырға айналды. Қорқынышты! Көзіміз үйреніп, етіміз өліп барады. Немкеттілік дейтін негізсіздік көңілге сыналап кіріп алған. Әйтпегенде ше? Құзырлы орындар қиқу салып, қорлықтан қанша арашалап алып жүрміз десе де, сөйлеу тілін айтпағанда, жарнама екеш жарнамада тіліміз тоқал баласының күйін кешіп тұр.

Грамматикалық қателері өз алдына, мағынасы жоқ жарнама, хабарландырулар да басынды. Енді төбемізге шығып, шай қайнатуы ғана қалды. Тіл басқармасы бөлімдері қате жазған кәсіпкерлердің көкесін көзіне көрсетіп жатырмыз дейді. Бірақ «көкелерін танып», тілімізді түзе­ген олар кемде-кем. Аюға намаз үйреткен таяқ жұртқа қазақ тілін неге үйрете алмай жүр? Әлде «таяғымыз»  көк шыбық емес, шиге айналып кеткен бе?
Орысы ормандай Қарағанды қазақ тілі алдында ұят-ты. Жарнама мен хабарлан­дыруын айтпағанда, Алаштың ардақты арыс­тарының тегін жиі тәлкек қылады. Әлім­хан Ермеков, Саттар Ерубаев секілді арыстардың тегіне «а»-ны жалғап, қорлауы көп. Бұл тұлғалардың есімі берілген көше­де кәсіп еткен бизнесмендер қазақша жар­на­масына «Ермекова», «Ерубаева» деп бат­ти­тып қойғанын көргенде, аруақтардан өзіміз ұяламыз. Бұл бір емес. Мұндайлар үнемі ұшырасады. Оған да етіміз өліп кет­кен.
«Ит үреді, керуен көшеді». Жарнама іл­ген кәсіпкер бүгінде қазақтілді жарнамасын тап осылай қабылдайды. «Қате болса да мейлі, әйтеуір, жоқтан жақсы» дегенді ұстанып отыр. Құлықсыз. Әйтпесе қатесі бықып жүрген билбордын, маңдайшасын бір тірі пенде айтпады емес, айтқан шығар. Тек ниет жоқ. Мәселен, мынау зергерлік бұйым­дарды қабылдайтын ломбард жар­нама­сында: «Біздің ломбард қабылдай­тын бұйыдардың тізімі» дейді байғұс «м» әрпін «майып» қылып жіберіп. Одан әрі тіпті «күрделі».  «- Алтыннан жасалған зер­гер­лік бүйымдардың
– Гауһар тасты зергерлік бұйымдардың
– Асыл металдардың сүймені
– Ақшалар
– Банктік Құймалар
– Таңбалар ордендер». Осыдан кейін не айтқысы келгенін өзіңіз жобалап ұғып алы­ңыз. Тап бір ай, күні жетпей шала туған алты айлық бала сияқты аударма. Жетіл­діріп, «адам» қылып алуыңыз керек.  Бұған мына «Мотосалонның» мазағын қосыңыз. «Қол­да бар әне тапсырыс арқылы». Бұл пәтша­ғар «ж»-ны «репрессияға» ұшыратып жібе­ріп­ті. Ал дүкеніміз әлі «дукен» болып жүр.  Бұл бизнес өкілдерінің бетсіздігінен бірер мысал. Бұдан бөлек банктердің де жар­на­ма­сының ана тіліміздегі нұсқа­сын­да қате­лер бой көрсетіп қалып жүр. Айталық, «Темір­банктің» банкоматы «Біз әрқашан жа­ныңыздамыз» дейді.
Жалпы, қазақша аудармалары жазыл­ма­ған, жазылса, дұрыс емес,  мүлде сауат­сыз аударылған жарнамалар жетіп-ар­тылады. Сауатсыздық дегеннен шығады. Аузы­мен құс тістеген Кcеll-дің Қараған­ды­ның қақ ортасында орналасқан Орталық әм­бе­бап дүкеннің сыртына ілген жарна­ма­сы «жынымызға тиді». Өзінің көлемі де әжеп­тәуір, 5-6 метр шамасында. Онда «Ли­митсіз қоңырауларға қуатталыңыз» дейді.  Орысшасы – «Зарядитесь на без­ли­митные звонки». Орысшадан тікелей ау­дарыл­ған. Қа­зақ қашан «қуаттал» деп еді? Жарнама қа­зақ­ша сөйлеп тұрған жоқ. Күл­дібадам бір­деңе. Ол қатесі аз болғандай, бір қазақ жіг­іті­нің кісі бойы­нан үлкен мәз-мейрам суреті тағы бар. Күлкісіне қараған­да «қуат­­тал­ған» болуы керек. Бірақ қазақ тілі­­мен емес...
Рас, сауатсыз жарнамамен Тіл бас­қармасы күрес бастады. Жалғасып та жа­тыр. Оған көпшілік мұғалімдер, студент­тер, еріктілер жұмылдырылды. Мысалы, 2011 жылы Қарағанды облыстық тіл басқармасының ұйымдастырған рейдіне  400-ге жуық адам қатысып, 300-ге жуық заңбұзушылықты анықтаған. Содан бері екі жылға жуық өтті. Бірақ қате жарна­ма­лар кеміген жоқ. «Адам айтып отыр-ау» деп айылын жиған жарнама берушілер де, жарнама жасаушылар да жоқ. Бұл күрес, қалың сорымызға қарай, итжығыс түсіп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста