Жәния Джуринская неге ұрысқақ?
Көп адам актриса Жәния Джуринскаяның “ВУЗеры”, “Өкініш” туындыларындағы ұрысқақ бойжеткенді сомдайтын рөлдерін жаттап алған сыңайлы. Не себепті үнемі жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнайтынын актриса өзі түсіндірді.
“Неге үнемі ұрысқақ бойжеткенді сомдайсыз?” деп менен жиі сұрайды. Мен осыған дейін мейірімді дәрігерді, скрипкашыны, қорғаушыны және т.б. рөлдерде ойнаған болатынмын. Алайда сіздер мені не ұрысқақ, не күлкілі кейіпкер ретінде естеріңізде сақтайсыздар. Кез келген адам “сүйкімдінің” рөлін сомдай алады, ал ақымақты ақымақ сомдай алмайды”, – деп шынайы өмірде өте сезімтал жан екенін жеткізді.
Ары қарай “Ешқашан ешкімнен ешнәрсе қайталама! Біреуге ұқсап бағудың қажеті жоқ. Мүмкіндіктеріңнің шексіз екенін біл! Сенен бұдан да жақсы бола аласың! Сен – жеке тұлғасың! Қанатымның қайырылғаны соншалық, мен олардың көмегінсіз ұшуды үйрендім”, – деп ХХІ ғасырда жетістікке жеткісі келетін жандарға батыл болуға кеңес берді.
Бұдан өзге “Студенттік шағымда 4 жыл бойы қыс болсын, жаңбыр, жел, дауыл, заманның ақыры болсын 15 сантиметрлік біз өкшелі аяқ киім киіп жүретінмін. Мен мықты “чиксамын”. Қалай ғана осылай жүрдім екен? Мені жан досым осы күнге дейін “Чикса” деп атайды. Әрине, дәл қазір басқа оқиға. Қап, қартайып барамын, жәй табан аяқ киім ғана киемін”, – деп жұмысбасты бойжеткен қазіргі таңда “сұлулықтан жылуды” артық көретінін жеткізді.
Байқоңырда 1990 жылы дүниеге келген ару Алматыға білім іздеп келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетіне түскен. Алайда бірінші курстың өзінде ән шырқап Баян Есентаева құрған топтың әншісі болды. Бүгінгі таңда “Өкініш” фильмі мен “Болашақ”, “Парыз”, “Өмір өткелдері”, “Ғашық жүрек”, “ВУЗеры” сынды бірнеше телехикаядан бой көрсетіп үлгерген.