Жанар Хамитованың өліміне қатысты өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу бабы бойынша іс қозғалған
Полиция SuperStar.kz финалисі, әнші Жанар Хамитованың өлімін тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 1-б (адамды өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы Instagram-да әріптесі Әбу Кай хабарлаған болатын. Хамитованың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Инстаграмда тележүргізуші Анна Данченко да жариялған.
Бұған дейін "Арнау" дуэтінің экс-солисі, Super star.kz жобасының финалисі өзімен бұрын бірге дуэт болған жұбы, әнші Нұржан Керменбаевпен болған жанжалын жария еткен, содан кейін ол продюсер Сиви Махмудимен айырылысып, ауыр күйзелісте болған.