Жамбыл ауданында жыр алыбының ескерткіші ашылды

Жамбыл ауданында жыр алыбының ескерткіші ашылды

Жуырда «Ақындар мен батырлар елі» атанған Алма­ты облысы Жамбыл ауда­нында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерт­кіші ашылды. Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Серік Үмбе­тов, ақынның немересі, халық ақыны Әлімқұл Жам­былов, басқа да елге танымал азаматтар қатысты.

Тірісінде-ақ «ХХІ ғасырдың Гомері» атанған Жамбылды ұрпақтары ұлықтап жатыр. Көкірегі – даңғыл, кеудесі жырға толған алып ақынның өлеңдері кейінгі жастардың өнегесіне, темірқазығына айналды. Оның шешендік сөздері мен тапқыр ойларын артындағы қалың жұрт аңыз ретінде айтады. Аталған ескерткіш­тің ашылуы да – бабаға деген зор құрмет­тің бір белгісі. Жалпы, Жамбыл туралы Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Мұхтар Әуезов сынды қазақтың марқасқа жазушылары небір тамаша ойларын жазып қалдырған. Сондықтан алып ақынды оқырмандарға таныстырудың өзі артық деп ойлаймыз. Дегенмен біз ақынның мына бір қысқа ғана сөзін халыққа жеткізуді жөн көрдік. Жамбылдың: «Мен шапанымды сілкігенде, өлеңдер саулап түседі», – деген сөзінің өзі оның қаншалықты шешен, тапқыр болғанын көрсетеді. Әрине, Жамбыл тек өлең шығармаған, сондай-ақ, халық арасына пайдалы үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізген. Белгілі журналист Орысбай Әбділдәұлының айтуынша, ақын бір ауылдың жұмысшыларына барып: «Сендер көрші ауылдан қалып қойыпсыңдар ғой», – дейді екен. Сонда әлгі ауылдың басшысы жұмысшыларды шақырып алып, көрші ауылдан қалмау үшін жұмыс қарқынын үдету керектігін айтады екен. Ақын осылайша келесі ауылға барып, тағы жаңағы сөзін айтады. Ол ауыл да жұмысты күшейте түсетін көрінеді. Осындай насихат жүргізудің формасы арқылы ақын жұмысшыларды еңбекке шақырады екен. Салтанатты жиынға келген қонақтар ақын бабасына деген жүрекжарды сөздерін, лебіздерін айтып, ақындар арнау өлең оқыды.

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:
– Елбасының, елдегі жүрген өнерлі азаматтардың арқасында біз бүгін осындай салтанатты жиында бас қосып отырмыз. Жамбылдың ескерткіші ұрпаққа үлгі, өнеге болады деп ойлаймын. Себебі біз өткенімізді ұлықтап, тарихымызға тағзым етпесек, болашағымыздан да айырыламыз. Соңғы уақытта Алматы облысында осыдан басқа тағы бірнеше ескерткіш ашылды. Мәселен, біз жер дауы, жесір дауын дуалы сөздерімен шешіп отырған, кезінде сұлтан болған Тезек төренің ескерткішін аштық. Сүйінбайдың ұстазы болған Қабылыс жыраудың ескерткішін тұрғыздық. Бөлтірік шешеннің ескерткіші де қажетті орнын тапты деп есептеймін. Былтыр «Қазақ әдебиеті» газеті облыс орталығында қазақтың бас ақыны – Сүйінбай ақынға ескерткішін орнату қажеттігін жазып, мәселе көтерді. Осыдан кейін біз Сүйінбайдың ескерткішін аштық. Әрине, мұндай жақсылықтар алдағы күндерде де бола береді деп ойлаймын.


Орысбай ӘБДІЛДАҰЛЫ, Қазақстанның құрметті журналисі:
– Бұл жерде бұрын Жамбыл ескерткіші болған. Бірақ оның тозығы жетіп, әбден ескірген еді. Әрлі-берлі өткен жұрт бабамыздың ескерткішінің мұндай күйге түскеніне қатты қынжылатын. Енді, міне, тоғыз жолдың торабында, Жібек жолының бойында атамыздың ескерткіші қайта еңсе көтерді. Мұндай еңбегі үшін Елбасымызға, облыс әкіміне, басқа да қол ұшын берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста