"Жаман нәрселер істеді": Дәурен Айдарқұлов Ақботамен не себепті ажырасқанын айтты
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет ажырасып кетті. Бірер күннің ішінде екі жаққа кетіскен жұптың бұл әрекетін көпшілік түсінбей дал болды. Желіде сауал қойған оқырмандарына Айдарқұловтың өзі жауап берді деп хабарлайды stan.kz.
Актердің айтуынша, адам егер біреуді сүймесе өзін сүймеуі үшін небір әрекетке барады. Жаман нәрселер жасайды. Сонда адамның сезімі өшіп, біртіндеп суи бастайды.
"Менің әр адамға деген сезімім әр түрді. Бірінші әйеліме, Ақботаға. Сезім деген әр адамға басқаша болады. Мәселен, көлікте келе жатырcыз. Махаббат туралы ән ойнап жатыр. Әннің сөзін, мағынасын түсіне бастағанда өзіңнің сезімің есе түседі. Осы туралы айтылған екен ғой деп ойлана бастайсың. Менің Ботаға деген сезімім осындай", - деді сезімін астарлап жеткізген ол тікелей эфир кезінде.
Айтуынша, адам біреуді сүймесе, сезімі болмаса, оның да сезімін өшіру үшін небір жаман нәрселер жасайды. Сонда ол адамның сезімі салқындай бастайды.
Актер бірінші некесінен туған балалары бірінші әйелінің қарсылығына байланысты араласпайтынын жеткізді.
"Мұның бәрі уақытымен дұрыс болады. Бәрі Алланың қалауымен болады", - деді Айдарқұлов.
Желідегі оқырмандары жақсы жар жолығуын тілесе, енді бірі бірінші әйелімен қосылуын айтты. Кейбіреулері Ақботамен қайта қосылуға кеңес берді.
"Ақботаны тастама, қайта қосыл", "Бірінші отбасыға, балаларыңа бар", "Жақсы жар жолықса деймін", "Иманды жігітсің ғой, неге мәселеңді шеше алмай жүрсің", "Айқыннан кеңес ал", - деді олар.