Жалғанның болып тұрмыз келекесі

Атағы қазақтың кең атырабына жайылып, жалынды жырларымен ұрпақ жадында қалған Қырбай сал Бозымбекұлы мұрасы жайлы кітап жарық көрді. Өткен сенбі күні Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа жинақ жұртшылыққа таныстырылды.

Жетісу өңірі өзіндік әдеби мектеп шоғырын құрайды. Жыр сүлейлері Сүйінбай, Жамбыл, оларға іргелес Үмбетәлі, Бақтыбай Жолбарысұлының өнегелі мектептерінен талай жыршы, ақын түлеп ұшты. Олардың қатарына өткен ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, кеңес өкіметінің қудалауын көрген, сол себепті есімі аталмай келген Қырбай сал Бозымбекұлын жатқызуға болады. Қырбай Бозымбекұлы әрі сал, әрі әнші, әрі сыбызғышы, домбыра, басқа да аспаптарда ойнайтын күйші, суырыпсалма ақын, қисса-дастандарды жатқа соғатын жыршы болған. Оның халқына қалдырып кеткен «Бекет батыр» дастаны, «Елге сәлем», «Дариға қыз немесе Ғазірет Әлі мен Дариғаның күрескені жайлы» қиссалары және басқа да көптеген шығармалары бар. Туған жердің табиғатын, халықтың тағдырын кестелі тілмен суреттеген бұл шығармалардың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Кеңестік солақай саясат әкелген сор заман жайын жырлаған ақыннан:

Кетті ғой қайран жұрттың берекесі,
Жалғанның болып тұрмыз келекесі.
Не маңғаз, кемеңгерлер қор болып жүр
Халқына тегіс тиген көлеңкесі,
– деген сөздер қалған. Жаңа кітапқа Қырбай салдың біраз лирикалық, эпикалық өлеңдері еніп отыр. Кітапты жинақтап шығарған – белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы. Жамбыл ауданының мәдениет үйінде өткен тұсаукесер жиынына ақынның ұрпақтары, танымал ақын-жазушылар қатысты. Сондай-ақ шығармаларымен ортамызға қайта тіріліп келіп отырған ақынның рухына арнап ұрпақтары ас берді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста