Жәдігерлерді сақтау көзден таса қала бере ме?

Жәдігерлерді сақтау көзден таса қала бере ме?

Сыр өңірінде көне жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап отырған сегіз мұражай көпшілікке қызмет көрсетеді. Онда 100 мыңнан астам мәдени құндылық бар. Дегенмен сала мамандарының қолын байлап отырған жайлар жеткілікті.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Мұражай қызметкерлерінің айтар мұ­ңы көп. Облыстық және аудандық мұра­­жайлар­дың басым көпшілігі арнайы са­­лын­­ған ғимараттарда қоныс теппе­ген. Осы­ның салдарынан арнайы қор сақтау, экспозиция құрылымдарын көрсе­ту, фо­то­­лаборатория және рес­тав­рациялық ше­­­берханалар жоқ. Мұра­жай­лар компью­­­­терлік техника және авто­­кө­­лік­­­пен қам­та­ма­­­сыз етілмеген. Бұл сала ма­ман­да­рының қолын байлай­ды. Қыс­қасы, ма­­ман­дардың ғы­лыми экспеди­ция­­лар­ды ұйымдас­тыру, мұра­жайлық заттарды жи­­нау, еліміз­дің ғы­лыми-зерттеу меке­ме­­ле­­рін­дегі, мұрағат­­та­рындағы және кі­тап­­­ха­на­ла­рын­дағы сақ­­­­талған құжаттар мен материалдарды зерт­­теуіне мүмкіндігі жоқ.
Бүгінгі таңда бұрынғы жәдігерлерді ғылыми тұрғыда зерттеу мен әрбір кол­лек­ция бойынша толық анықтамалық мә­ліметтер жинақтауға мән беріліп жүр. Алайда Сыр өңіріндегі мұражай қыз­мет­керлері бағалы құндылықтардың маз­мұны, сапасы, санына және сақталған мер­зі­міне қарай мұражай қорларының құ­ры­лымы өз деңгейінде емес екенін ай­та­ды. Аталған келеңсіздіктер көнеден жет­кен дүниелердің функциялық-меха­ни­калық, биологиялық өзгерістерге ұшы­рауына итермелейді. Сонымен қатар жә­ді­герлерді сатып алуға қаржының жет­кі­ліксіздігі көрініс беріп отыр.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы­ның ғылыми хатшысы Әмірғали Көшек­баев­тың айтуынша, осы салаға қатысты ме­кемелердің құрылымы да, қызметі де тек экспозициялар мен көрме ұйым­дас­тырудан арыға аса алмайды. Айналып келгенде мұражайларда археологиялық, этнографиялық және басқа тұрғыдан зерт­теулер жолға қойылмай отыр.
Осы күнге дейін жәдігерлерге берілген ғы­лыми сипаттамаларда және мұражай қорына қабылдау кезінде бірқатар олқы­лықтар жіберілген. Сондықтан құнды жә­дігерлер әлі де тереңдеп таразылай түсуді қажет етеді. Қысқасы, жәдігерлердің көп­шілігі терең әрі толыққанды зерттелмеген.
Берік ЖҮСІПОВ, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– Мұражайлар жұмысына қолбайлау болып жүрген проблемалар баршылық. Аталған мекемелерге жәдігерлер сатып алуға соңғы жылдары 125 мың теңгеден қаржы бөлінген. Бұл мүлде жеткіліксіз. Алдағы уақытта мұражайлар мәселесіне байланысты бірқатар жұмыстар жүргізуді көздеп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста