ХАНТӘҢIРIНЕН Мұқағали жырлары төгiлдi

Айтқаны айдай келген ақынның жырларына құмар оқырмандардың қатары жыл өткен сайын артып келедi. Соның бiр көрiнiсi – өткен аптаның соңында ақынның туған ауылы Қарасазда өткен оқушылар арасындағы республикалық  «Мұқағали оқулары».  Биыл төртiншi рет республикалық деңгейде өткен байқауға елiмiздiң 11 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан iрiктелген 28 үмiткер қатысты. Байқау шарттары бойынша үмiткерлер ақынның екi поэмасы мен көптеген өлеңдерiн, өздерiнiң жүрекжарды жырларын жатқа оқумен қатар, ақын шығармашылығының зерттелуiне қатысты құрылған сұрақтарға қысқа уақытта жауап қайтарудан жарысқа түстi. Сонымен қатар үмiткерлер үш минут iшiнде берiлген ұйқас пен тақырыпқа сай өлең жазды. Үмiткерлерге қойылған талаптар оңайға түскен жоқ. Қатысушылар бүркеншiк атпен шықты, берiлген бағалар экранда көпшiлiкке көрсетiлiп тұрды. Барлық кезеңдегi жарыстардан сүрiнбей өткен сайыпқырандар жинаған ұпайларының жиынтығы бойынша жеңiмпаздар тұғырынан көрiндi. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – 100 мың теңгелiк ақшалай сыйлықты Қарасаз орта мектебiнiң 9-сынып оқушысы Әлiмбердi Қуаныш иелендi.
Байқауда 1-жүлде мен 80 мың теңгелiк ақшалай сыйлықты алматылық Социалхан Есбол мен Талғар ауданынан барған Октябрь Арман еншiледi. 50 мың теңгенi құрайтын 3-орындарды ақтөбелiк Бағдат Телеуғалиев, қызылордалық Жасұлан Серiк, Алматы облысы Қаратал ауданынан келген Төлеу Кенжегүл еншiледi.  Республикалық шараны Алматы облысы әкiмiнiң қолдауымен облыстық бiлiм басқармасы ұйымдастырды.
Жас ақындар қатысқан «Мұқағали оқуларына» Темiрше Сарыбаев, Жарас Сәрсек, Әдiлғазы Қайырбеков, Болат Шарахымбай, Жұмаш Өтеев сынды елiмiзге танымал ақындар қазылық еттi.
Жер-жерден келген қонақтар ақын мұражайын аралап, арнайы ұйымдастырылған концерттi тамашалады. Олар ақын жырларын оқып, Қарасаздағы қонақжай халықтың ықыласына риза болып, Хантәңiрi етегiн үлкен думанға бөлеп қайтты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста