«V Alem» тобының мүшесі Жалын Тілеуберген қолына ақ құсын қондырды.
Осыған дейін әншінің шаңырақ көтеруді жоспарлап жүргенін жазған болатынбыз. Кеше Жалын салт-дәстүр бойынша сүйіктісін ұзатып алды.
Сері жігіттің жүрегін жаулаған арудың есімі-Бота. Жамбыл облысы Жаңатас өңірінің тумасы. Астана қаласындағы ҚазУТБ университетінің түлегі. Жақында оқуын тәмәмдап, қолына дипломын алды.
Алдағы екі жастың үлкен тойы қашан болатыны белгісіз. Дегенмен, ауылы алыс емес сияқты.
Естеріңізге сала кетсек, Жалын Тілеубергеннің толықтай Астана қаласына қоныс аударығанына екі ай болды. Сонымен қатар, қазір «Қазақ әуендері» бірлестігінде жұмыс жасап жатыр.
Екі жасқа бақыт тілейміз!
https://baistars.kz/