Ұстаз бен шәкірт ән салған күн

Ұстаз бен шәкірт ән салған күн

Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасының ұстаздары: Қошқарбек Тасбергенов, Дүйсенбек Өмірәлиев, Айгүл Қосановалар шәкірттерінің өнерін шыңдау мақсатында сыныптық концерт өткізді.

Өнердің қара шаңырағында 11 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан әнші Айгүл Қосанова өзі өткен сыннан шәкірттерін де өткізуді жөн көрген екен.  362 әулиесі бар қасиетті Маңғыстау топырағының мақам-сазы – өз алдына бір мектеп. Батыстың әншілік мектебі мен Маңғыстаудың жыр-термесінің мөлдір суатынан қанып ішкен әнші Айгүл кешеден бүгінге жеткен ән-қазынаға қиянат жасамай,  әуені мен сөзін бұзбай, саф күйінде үйретуді ұстаздық борышым деп біледі.

Айгүл ҚОСАНОВА,  әнші, «Дарын»  жастар сыйлығының иегері:

– Қазіргі студенттерге әнді үйренудің барлық жағдайы жасалған. Бұрынғы орындаушылардың үнтаспалары бар, бүгінгі таңдағы мықты әншілерді салыстырмалы түрде тыңдап, өзіне керегін алады. Сыныптық концерттің маңызы зор. Сахна «әнші болам» деген  балаға үлкен стимул береді. Сахна – әншіні тәрбиелейді, көрермен – жігер береді. Студенттерді дайындық курсының не жоғары курстың студенті деп алаламай, сахнаның қасиетін сезсін, ысылсын деген мақсатпен шәкірттеріміздің басын қосамыз.

Ордалы Арқа мектебінің қабырғалы өкілдерінің бірі – Манарбек Ержанов. Қазақтың ән өнерінде дауыс ырғағы, домбыра шертісі ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен тарихта қалған Манарбек атамыздың салған ізі бір мектепке татитындай. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы», – деп Абай атамыз айтқандай, Манарбектей дарабоз әншінің сара жолын жалғастырып, сол кісінің айту мәнеріне бейімі бар жастарды тәрбиелеп жүрген әнші – Дүйсенбек Өмірәлиев. 

Дүйсенбек ӨМІРӘЛИЕВ,  әнші, ҚР мәдениет қайраткері:

– Класта, кафедрада тыңдаған ән мен концертте тыңдаған әннің арасы жер мен көктей. Әншінің әншілігі байқалып, балалардың әнге деген ықыласы ауып, бойындағы орындаушылық шеберлігі шыңдалып, дарыны ашыла түсетін шақ – концерт. Шеберлік класс концерті арқылы әнші шәкірттерімізді сахнаға тәрбиелеу –  басты мақсатымыз.

«Әншінің домбырасы – қолқанаты» деп Естай ақын жырлағандай, әншінің әдемі дауысына домбыра шертісі де сай келуі қажет. Әнші дауысы сахарада желген сәйгүліктей сұлу болса, оның қолы да аспапта еркін жүгіріп, үнімен астасып жатуы шарт. Бұл жағынан болашақ әншілер кенде емес. Халық әні кафедрасындағы жастардың домбыра қағысы мен шертісін суда жүзген қайықтай бір ретке келтіретін ұстаз, ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші Қошқарбек Тасбергенов те бұл кеште бал бармағынан қазақтың жауһар күйлерін ағытты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста