"Ұқсаймыз ба?": Мадина Сәдуақасова сіңлісін көрсетті (фото)
Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова өзінен айнымай қалған сіңлісінің суретін желі парақшасында көпшілік назарына ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
"Үйде 3 қызбыз, кенжеміз Нұрсұлтан Жәниядан кейін 4 жылдан соң туылды. 3-ші бала ұл болса екен деп тілеген әкеміз, қыз дегенді естіп, үлкен апасы Раяға апарып, "сол кісіге беріңдер, қызды&ldquo деп роддом-ға да келмей, "ұл болмай қалды-ау" деп көңілі біраз уақыт кәдімгідей түсіп жүрген. Тіпті, біздің өзіміз "туу, ұл емес па?!" деп қалғанымыз есімізде", - деп жазбасын бастады әнші.
 
Ол кейіннен бәрі өзгергенін, Жәния әжесінің сүйікті немересіне айналғанын еске алды.
 
"Үйге келген сәтінен, барлығы өзгерді ғой. Әжесінің ең сүйікті тәтті немересіне айналды, папамызға ең қатты ұқсайтын қыз - осы Жәния. Кішкентайынан Жәния не айтса, папа үндемей орындайды, біз кейде әкемізді бірдеңеге көндіре алмай жатсақ, Жәния арқылы жасатып аламыз. Солай... Қыз жақсы ғой, қызы бар үйдің берекесі көп дейді. Ұқсаймыз, иә , Жәния екеуміз?", - деп сұрады Мадина.
 
Пікір қалдырушылардың дені апалы-сіңлілердің бір-біріне қатты ұқсайтынын жарыса жазуда.
 
"Сұлусыңдар", "Көздеріңіз ұқсайды", "Әрине, қатты ұқсайсыздар, бақытты болыңыздар", "Сыр сұлулары", "Мен неге Мадина өзін құшақтап тұр деп таң қалып тұрсам, оқып барып түсіндім. Керемет ұқсастық. Қыз - отбасының бақыты. Қыз деп ренжуге болмайды. Ұлдан да артық қыздар бар", - деп жазған желі қолданушылары.