Ұлыстың ұлы күнiн жер жүзi тойлайды

Ұлыстың ұлы күнiн жер жүзi тойлайды

Ұлыстың ұлы күнi Наурызды бiреулер түркi халықтарына, ендi бiреулер мұсылман елдерiне тән мереке деп жатады. Дұрысы, күн мен түннiң теңелiп, Табиғат-ана жаңаратын, Жер бетiндегi бар тiршiлiк иесiмен бiрге уақыт та жаңғыратын мезгiл күллi әлемге жат емес екен. Адам баласы санасына төрт дiннiң жiгi жетпеген бiрнеше мыңжылдық бұрын күн мен түннiң теңелген сәтi жер жүзiнде жаппай тойланған. Әрине, мереке әр халықтың өркениетiне сай, бастан кешкен тарихи тағдырына сай түрленiп отырған.
Зерделей бiлсек, түркi әлемiнде «жаңа күн», «ергенекон», «ени гүн», чаган, «бозқұрт», «нартұқан», «бахар», «меврис», «наурыз» деп түрлiше аталатын Әз мейрамның наурыздың 21-i мен 22-сiнде тойланатын Батыс жұртындағы баламалары арасында генеалогиялық, типологиялық байланыс бар.
Көне славян халықтары астрономиялық көктемнiң басталуын теңдесi жоқ қасиеттi мерекеге балап, табиғаттың жаңалығын дiни наным-сенiмдерiмен астастыра тойлаған. «Жаворонки», «Масленица-Комоедица», «Сороки», «Благовещение», еврейлердiң «Песах» көне мейрамдары – сол жалпы адамзатқа ортақ ұлы күннiң бояуы басқа көрiнiстерi.
Ұлыбританияда 1752 жылға дейiн астрономиялық принцип негiзiнде Жаңа жыл наурыздың бiрiнен бастап есептелген. Бұл күнi ағылшын жұрты әйел- құдай Эстерге және барлық аналарға табынған. Дәл осы мезгiлде көне герман халқы көктем құдайы Остерннiң (Остара) жерге түсуiн жаппай тойлайтын болған. Ливандықтар үшiн күн мен түн теңелген сәт – аналар мейрамы. Испания, Грекия мен Исландияда әкелер күнi аталып өтедi. Сербтердiң еңбек, тазалық, қайырымдылық және жастар мерекесi саналатын «Младенцы» күнiндегi салт-жоралғыларының Наурыздан айырмашылығы жоқ. Қытайлықтар мен славян халықтарына жататын орыс, украин, белорус жұрты бұл күндерi аруақтарға тағзым етедi. Италия мен Африканың бiрнеше мемлекетi наурыздың 21-iнде ағаш отырғызу мерекесiн тойласа, Австралияда күн мен түн теңесетiн күн «Табиғи үйлесiм мейрамы» деп аталады. Қарап отырсақ, жарқыраған Жаңа күндi жер-жаһан арқа-жарқа тойлап жатыр.

Мексикада күн мен түн теңелген сәтте жергiлiктi халық Юкатан түбегiндегi ежелгi Чичен-Итца қаласының орнына жиналады. Майя өркениетiндегi наным-сенiмге сәйкес, бұл мезгiлде Жер бетiне ырыс-құт сыйлайтын қасиеттi алып жыланның көлеңкесi көрiнедi.

Ежелгi кельттер мен немiстер күн мен түннiң теңесетiн сәтiн көктемнiң басы деп санаған. Жер жыртып, дән себу мезгiлi басталатын бұл мезгiлдi көне халық көтерiңкi көңiл күймен қарсы алатын болған. Көктем мерекесiнде жұмсақ нан пiсiрiп, түрлi-түстi жұмыртқа әзiрлеген.

Көктемгi теңелу кезiнде Бразилияға дүниежүзiнiң түкпiр-түкпiрiнен турист ағылады. Наурыз айы бойы түрлi фестивальдар өтетiн бұл елде осы кезеңде табиғат аясында тынығуға қолайлы айрықша ауа райы орнайды екен.

Үндiстанда бiрыңғай ұлттық күнтiзбе бойынша, наурыздың 22-сi күнi чайтра айы туып, Жаңа жыл басталады.

Алтай елiнiң ұлттық көктем мерекесi "Тылғаяқ" деп аталады. Ал қалмақтардың қыс кетiп, дүние құлпырған шақты тойлауы "Цаған Сар" мейрамымен тұспа-тұс келедi. Бұғыға табынған саха халқында «Наурыз – жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылымықтың, жаз бен қыстың теңгерiлетiн уақыты» деген түсiнiк бар.

Жапонияда астрономиялық көктем келгенде Сюмбун-но хи мерекесi тойланады. Бұл кезеңде сакура гүлдеп, еңбекшi халықтың өмiрiне әр кiредi. Будда шiркеулерi күн мен түннiң теңелген сәтiнде арыстандар биiн ұйымдастырады.

1.    Қазақстан
2.    Қырғызстан
3.    Өзбекстан
4.    Түрiкменстан
5.    Тәжiкстан
6.    Әзiрбайжан
7.    Түркия
8.    Иран
9.    Ирак
10.    Ауғанстан
11.    Босния және Герцеговина
12.    Үндiстан
13.    Пәкiстан
14.    Моңғолия
15.    Гүржiстан

16.    Мажарстан
17.    Албания
18.    Грекия
19.    Жапония
20.    Мысыр
21.    Қытай
22.    Сирия
23.    Израиль
24.    Мексика
25.    Армения
26.    Ресей
27.    Беларусь
28.    Украина
29.    Молдова
30.    Чехия
31.    Словакия
32.    Болгария
33.    Бразилия
34.    Черногория
35.    Италия
36.    Ұлыбритания
37.    Германия
38.    Австралия
39.    Испания
40.    Сербия
41.    Тунис
42.    Ливан
43.    Лесото
АВТОНОМДЫ РЕСПУБЛИКАЛАР:
1.    Кабардин-балқар республикасы
2.    Алтай республикасы
3.    Башқұртстан
4.    Бурятия
5.    Дағыстан
6.    Шешенстан
7.    Ингушетия республикасы
8.    Адыгей республикасы
9.    Қалмақ республикасы
10.    Қарашай-шеркес республикасы
11.    Карелия республикасы
12.    Коми республикасы
13.    Марий Эл республикасы
14.    Мордовия республикасы
15.    Саха республикасы
16.    Алания және Солтүстiк Осетия республикасы
17.    Татарстан
18.    Тыва республикасы
19.    Удмурт республикасы
20.    Хакасия
21.    Чуваш республикасы
22.    Абхазия
23.    Оңтүстiк Осетия
24.    Аджария
25.    Нахичевань
26.    Қарақалпақстан
27.    Қырым
28.    Ұйғыр
29.    Гагаузия

ҰЛЫС КҮНIН ТОЙЛАЙТЫН ҰСАҚ ҰЛТТАР:
Коряк
Ненец
Ханты-Манси
Чукча
Эвенкi
Авар
Дарға
Күрд
Лезгин
Лақ
Табасаран
Құмық
Ноғай
Тат
Абазин
Дүңген
Қарайым
Қырымшақ
Ұрым
Салар
Шор
Күрд

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста