Ұлы Серкебаев өмірден өтті

Қазақ кәсіби музыкасы орны толмас қазаға ұшырады. Есімі қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің мөріндей болған ұлы тұлға, баритон дауысты аса көрнекті әнші, педагог, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев өмірден озды.
Ұлы әнші ұзаққа созылған ауыр дер­тінің салдарынан 87 жасында дүниеден өтті. Италиялықтарға Энрико Карузо есімі қандай болса, қазақ үшін Серкебаевтың есімі тап сондай. Ол қазақ кәсіби музы­ка­сының дарынды вокалистерінің көшбас­шы­сы, күллі кеңес елдері опера өнерінің серкесі еді. Серкебаевтың орындаушылық деңгейі кәсіби әншілер үшін биік меже болды, оған ешкім жете алмайтын, бірақ сол биікті көздеп, талай-талай талант тәр­биеленіп, кемелденіп шықты. Музыкант­тар арасында Ермек Серкебаев есімі кәсіби сахнадағы өлшем ретінде мәңгі қала бермек. КСРО Халық әртісі, марқұм Мүсілім Магомаев Ермек ағаны «Кеңес Одағының ең үздік Фигаросы» деген екен. Джоаккино Россинидің әйгілі операсын­дағы Фигаро партиясын дәл Серкебаевтай аса жоғары көркемдік шеберлікпен орын­даған әнші күні бүгінге дейін болған емес. Халық әртісі қазақтың көнеден келе жатқан музыкалық мұрасына кәсіби өң берді. Оның айтуынша, қазақтың әнінде әлімсақтан кәсіби бекзаттық болған, бірақ уақыттың әсерінен оны жоғалтып алған. Серкебаев сол ақтаңдақты – халық әуендері мен батыстың классикалық орындау мәнері арасын теңестіруге күш салды. «Қазақтың әуендері, қазақы тақы­рыптар өзінің әдемілігі жөнінен италиялық музыкадан әсте кемшін емес екенін айтуға мен ешқашан ұялмаймын. Бізде өте әсем, әуезді, күрделі әндер бар. Ал соны сауаты жоқ қазақ жазғанын ойласаң – тіпті таңыр­қайсың! Қазақ тілімен және музы­касымен бай», – дейтін еді біртуар. Ермек­тің халқы үшін асыл тұлға боп тууы­ның өзіндік сыры да бар. Ұлтының жанашыры болу оған әкесінен берілді. Әншінің әкесі – ақын, жазушы, драматург, ағартушы, Алашорда қозғалысының мүшесі Бекмұхамед Серкебаев. Ол бала­сын жастайынан музыкаға баулыған. Бала­лайканы үйретіп, 15 жасында Ал­маты музыка училищесінің скрипка класы­на оқуға берген. Бірақ бұл жылдар сұра­пыл соғыспен тұспа-тұс келіп, тұрмыс қиындығына байланысты жас жігіт оқуды тастап кетуге мәжбүр болады. Бірақ радио­да, киностудияда, хор ұжымдарында ең­бек ете жүріп, ол кәсіби музыкадан қол үзбе­ді. 1951 жылы Алматы консерватория­с­ын ән сыныбы бойынша тамамдап, Абай атындағы опера және балет театрының дипломы бар солисі атанады. Айрықша талант иесі осыдан кейін бүкіләлемдік байқауларда лауреат болып, атағы күллі кеңестік кеңістікке жайыла бастайды. Баритонының табиғи мүмкіндіктері мен биік орындаушылық мәдениеті арқасында кеңестік және шетелдік әйгілі опералардағы бас партияларды бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткізе алды. Әртістік еңбекқор­лы­ғы мен кәсіби мінсіз шеберлігі оны қа­зақ-кеңес опера өнерінің абызы атандыр­ды. Ол талай халықаралық байқаулардың қазылар алқасына төрағалық етті, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты, отбасында абыройлы әке болып, компози­тор-музыкант балаларды өсіріп шығарды. Кеше даңқты әншінің өнердегі қара шаңы­рағы, өзі ұзақ жыл аянбай еңбек еткен қасиетті ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры марқұмды ақтық сапарға аттан­дырды. Азаматтық жаназаға ҚР Мәде­ниет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Бибігүл Төлегенова, Нариман Қаражігітов, Нұрғали Нүсіпжанов, Асанәлі Әшімов, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев сияқты шығармашылық элитаның көрнекті өкілдері келді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхаты
Өз дара дауысы арқылы жастай таныл­ған Ермек Серкебаев өмір бойы еліміздің басты өнер ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында жемісті еңбек етті. Дауысы қандай әсем бол­са, жаны да сондай сұлу оның орын­дауын­дағы қазақтың халық әндері мен әлемдік опера туындыларындағы басты ариялар тыңдаушылардың жанын әрдайым нұрға бөлейтін. Ермек Серкебаев әлем­нің көптеген елдері сахналарында өнер көрсету бақытына ие болып, халық­ара­лық аудитория ықыласына бөленді. Ол кон­серваторияда ұстаздық ете жүріп, кеңі­нен танымал болған көптеген шәкірттер де тәр­биеледі. КСРО Жоғарғы Кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР-ның депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, «Отан» орденімен марапаттал­ды. Ермек Серкебаевтың еңбегі еліміздің ән өнері тарихында, ал есімі халқымыздың жү­регінде әрдайым сақталатынына сенім білдіремін.
Нариман Қаражігітов, опера әншісі, ҚР Халық әртісі:
– Жаңа ғана ол кісіні театрдан ақтық сапарға шығарып салып тұрмыз. Біз, әріптестері, Серкебаевтың тек жақсылығын ғана көрдік. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсында ол кісімен бірге ән айттым. Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсында бірге өнер көрсеттім. Моцарттың «Дон Жуанында» да бір сахнада ән шырқадық. Айта берсем, ол кісімен өнер көрсеткен кездерім өте көп. Жалпы, бір театрда отыз жыл бірге қызмет етіппін. Қазақ мәдениеті үлкен қайғыға ұшырады деп есептеймін. Оның орны толмайды! Өмірде көркем, даусы да, мінезі де әдемі адам болатын. Адамгер­шілігі мол, кішіпейіл адам еді. Атақ-даңқы сол мінезіне жарасып тұратын, оны күллі Кеңес Одағы халқы сонысы үшін жақсы көріп, құрметтейтін. Жатқан жері жайлы, то­пырағы торқа болсын!

Сара Тыныштығұлова, эстрада әншісі, ҚР Халық әртісі:
– Ермек Серкебаев – ерекше, ұлы әнші. Қазақ опера сахнасында ондай дауыс әлі күнге дейін болған емес. Ол кісі сияқты арияларды, халық әндерін ешкім орындай алмайды. Дауысының көркемдігі жөнінен бүкіл Кеңес Одағы бойынша үлкен мәртебеге жеткен адам. Көп кинофильмге түсті. Дүниежүзін аралап, қазақ халқының ұлылығын көрсете білді. Өз дәуірінде әлем операсының даңқты тұлғаларымен бір деңгейде ән салды. Қазір де мен жастарды қараймын, баритондар бар, бірақ Ермек Серкебаевтың деңгейіне жететін ешкім жоқ. Өмірдегі сипаты, болмысы да ерекше болатын. Мен үлкенмін, мен атақтымын демейтін. Бауырмал, мінезі жұмсақ, ешкімге жоғарыдан қарамайтын адам еді. Дүниежүзі бізді Ермек Серкебаев арқылы танитын. Арамыздан кетіп қалғаны өте өкінішті. Кім-кімге де үлгі болатын ұстаз еді. Шын жүрегіммен қайғырып отырмын. Бірақ қазақ халқы артындағы дарынды балалары барда, ол кісінің есімі жүрегі­мізден кетпейді деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста