Ұлттық мәдениет заман көшінен қалмауға тиіс

Әуез ҚҰЛЖАНОВ, Атырау облыстық мәдениет басқармасының бастығы:

– Әуез Селбайұлы, әңгімемізді «Аты­рау­дағы мәдениет саласының бү­гінгі жай-күйі қандай?» деген сауалдан бастасақ...
– Бүгінге дейін жасалған жұмыстарды жоққа шығара алмаймын, бірақ бір шын­дық жайт – он жылдан астам уақыт аймақ­тағы мәдениет саласы босаңсып қалған екен. Бөлінген ақша да, жасалған бағдар­ла­малар да өз деңгейінде болмаған. Сатып алынған киімдер, жабдықтар қазір­гі за­ман­ның талабына сай емес. Ансамбль­дер­дегі аспаптардың сапасы өте төмен, қазақ­тың бас домбырасының орнында орыстың үшбұрышты балалайкасы тұр. Облыс бо­йын­ша үлкен алаңға шығаратын музыка­лық аппарат жоқ. Бұрынғы ап­па­рату­ралар тек бір концерттік залды ғана қамтамасыз ете алады. Бүкіл облыста екі-ақ камера бар. Мысалы, Мәскеуде бір концертті тү­сіру үшін 40 камера қолданы­лады, біз­де кем дегенде 7-8 камера болса, көрер­мен­нің талғамын көтеруге, замана көшінен қалыс қалмауға жағдай туар еді.
Биыл Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан жоғары кәсіптік деңгейдегі музыкалық студия ашуды жос­пар­лап отырмыз. Атыраулық қаншама та­лантты музыканттар, әнші-әртістер Астана, Алматыға кетіп қалды. Жастардың өз же­рі­мізде жүріп те шыңдалуына жағдай жа­салуы керек. Мәдениеттегі кішкентай бүл­дір­шіндердің не дұрыс музыкалық аспабы, не концерттік киімі, не шараға алып ба­рып, алып кететін көлігі жоқ. Тек Үкіметке иек артып қарап отырмай, меценаттардың, еліне, жеріне, мәдениетіне жаны ашитын азаматтардың араласуымен де руханият әлеміне жан бітірсек, қазақты бүкіл әлем танитын болады деп ойлаймын.
– Ауыл-село клубтары, мәдениет үйлері, кітапхана, балалар саз мектеп­терінің жағдайы мақтанарлықтай ем­ес­тігін көріп жүрміз. Осы бағытта қан­дай жұмыстар атқарылмақ?
– Облыс бойынша 26 балалар саз мек­тебі бар. «Ол мектептердің ғимараттары қан­дай, балалардың ойнап жүрген аспап­тары, концерттік киімдері бар ма?» деген са­уал әлі де өзектілігін жоймай отыр. Ауыл­дар­дағы мәдениет үйлері қазіргі заманға сай дей алмаймын. Индерде, Жылыойда, Мақатта, Құрманғазыда ғана жаңа мәде­ниет үйлері бар. Алдағы үш жылда 21 елді мекендегі мәдениет үйле­ріне күрделі жөн­деу жүргізілетін болады. Бір мысал айта­йын, 2009 жылы Ғ.Сланов атындағы об­лыс­тық ғылыми-әмбебап кітапхана әуе­жай мен қаланың ортасына салынды. Ол ғимараттың жартысы жылы­на­ды, жарты­сы жылынбайды, кезінде жылыту қазан­ды­ғы дұрыс салынбаған. Биыл осы олқы­лықтың орнын толтыруға қаржы қаралды. Тағы бір мәселе, сол кітап­ханаға қазір жал­ғыз автобус жүреді. Жаңа әдебиеттер алу­ға да бюджеттен ешқандай қаржы бө­лін­бей келген екен, осындай олқылықтар­дың орнын толтыруға жұмыс­та­натын бола­мыз.
Облыстағы жалғыз театрымыздың ғи­мараты сапасыз, үлкен жөндеуді қажет етіп тұр. Қаламызда басқа зал болмаған­дық­тан, спектакльден бастап үлкен жиын­дарға дейін сол жерде өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Алдымыздағы қыркүйек айында бұл театрдың 75 жылдығы келе жа­тыр, республикалық театр фестивалін өткізу жоспарда бар, оған дейін театр ғи­маратына күрделі жөндеу жасалатын бо­ла­ды. Жаңадан салынып жатқан кон­церт залының құрылысы аяқталмай тұрғаны қат­ты қынжылтады. Концерт залы ашы­лып, жаңа сахна, сапалы жарық, сапалы ды­быс, 4D экран алып, суретші-қоюшы ре­жиссерлар шақырып жұмыстансақ, ән-күйлерімізді халықаралық деңгейде көр­се­туге мүмкіндік туар еді.
– Мәдениет қызметкерлерін қолдау мәселесі қаншалықты жүзеге асып жа­тыр? Өзіңіз басқарып отырған сала­ның алдағы жұмыс жоспары жайлы ай­та кетсеңіз.
– Ең бастысы – пәтер мәселесіне кел­ген­де мәдениет саласы шетте қалып келе жатқаны шындық. 10-15 жылдап кезегі жыл­жымай тұрғандар бар. Кәсіподақ ұйы­мымен әлеуметтік пакет мәселесі бойынша жұмыстар кемшін. Жас дарындарға сти­пен­дия тағайындау, түрлі байқауларға бару шығындарын көтеру де шешіле қой­ған жоқ. Өкпе ауруымен ауыратын мәде­ниет қызметкерлері де жоқ емес, оларды шетел болмаса да, еліміздегі курорттарға жіберу мәселесіне көңіл бөлінбей келеді. Әлеуметтік сала кәсіподақ арқылы шешіл­се, үлкен көмек болар еді. Қанша талантты жастар қолының қысқалығынан, жағда­йының жоқтығынан шығармашылықтарын шыңдай алмай жүр. Міне, осы мәселе­лердің бәрі осы саланың бір өкілі ретінде мені де мазалайды. Бастысы, мәдениет са­ласында сең қозғалды. Облыс әкімі Бақ­тықожа Салахатдинұлы мен әкім орын­ба­сары Шыңғыс Мұқанның қолдауымен алда жүзеге асыратын біраз шаруалар нақ­тыланды. Осы мақсатымыз орындалса, мұнайлы аймағымыздың тек қара алтын­ның мекені емес, қасиетті өнердің қалпын бұз­баған өңір ретінде де алысқа аты озатын болады.
Жоспарланған шаралар легі де осы мақ­сатқа қол жеткізуге бағытталған. Был­тыр біраз ел азаматтары келді, «Астанаға бардық, Табылды Досымовтың кеші өтті, Ақтауда, Ақтөбеде өтті» деп. Жігіттердің еліне, жеріне деген намысы ғой. Табылды – артына із қалдырған қазақтың тұңғыш бард ақыны. Биыл маусым айында Табыл­ды шығармашылығына арналған «Қыр бала­сы қол созады аспанға» атты фести­валь өт­кізуді ойға алып отырмыз. Атырау тура­лы әндерге байқау республикалық дең­гейде өтеді. «Атырау әдебиетшілері ап­та­лығын» әр тоқсан сайын ұйымдас­ты­ру­ды жос­парладық. Атыраудағы музыка­лық кол­ледждің алғашқы директоры Сейіл­хан Құсайынов атындағы респуб­лика­лық дирижерлар конкурсы өтеді. ҚР еңбек сіңір­ген әртісі Мекес Төрешов атындағы республикалық дәстүрлі әндер фестивалі де жоспарда бар. Республика­лық «Ақ көгер­шін» балалар ән-би фести­ва­лін, «Ақ Нарын жырлайды» атты атырау­лық ақын-сазгерлердің үлкен кешін өткіз­гіміз келеді. «Сазды шанақ» республикалық домбыра жасаушылар байқауы, Құрман­ғазы баба­мызға арнап республикалық оркестрлер шеруі, Махамбет поэзиясы күні де жоспар­да қамтылған. Әрине, өнер көгіндегі клас­сик тұлғалардың заманы өтті дей алмай­мыз, бірақ біз қазіргі ғасырды да жырлау­ды ұмытпайық. Ұлттық мәде­ниет заман көші­нен қалмауға тиіс.
Бүгінгі күнді жырлайтын кантата, сим­фо­ния, опералар жазылуы керек, мәде­ниет­ке қаржылық қолбайлау болмауы тиіс деп ойлаймын, өйткені рухани әлеуеті зор, рухы мықты ел ғана келешектің көшіне ілеседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста