"Ұйқас, мағына жоқ!" Айтысқа оралған Айнұр Тұрсынбаева сынға ұшырады

"Ұйқас, мағына жоқ!" Айтысқа оралған Айнұр Тұрсынбаева сынға ұшырады

Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта шыққан Айнұр Тұрсынбаева "Айтыстың Айтақыны" атты халықаралық ақындар додасында халықпен қауышқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Аталған мәдени іс-шара азулы айыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың құрметті зейнет жасына шығуына орай ұйымдастырылған. Сөз өнерінің дүлдүлдері бас қосқан дүбірлі той Жетісу өңірінде өткен.

 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның айтысқан сәтін аңғаруға болады. Бұрыннан бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін қос қарсылас әдеттегідей әзілмен оңды-солды түйреп отыр. Мәселен, Балғынбек Айнұрдың Стамбұлға көшіп кеткенін келеке қылып, қаз құсына теңесе, Тұрсынбаева да қарап қалмаған. Ол қарсыласының дәл қазір жұмыссыз жүргенін бетіне басыпты.

 

Сөзіңе жауап берейін, Балғынбек, енді бері қара.

 

Президенттің інісі едің, сайланған жаңа, ел жаңа...

 

Бір ағаңыз, әкім ғой, болып жүрген елге аға.

 

Сақал-мұртың жалбырап, қабақтай қарның салбырап,

 

Жалайырлардың ішінде жұмыссыз жүрген сен ғана,

 

 

Тұрсынбаеваның тарапынан айтылған бұл сынға Балғынбек те лезде жауап беріп, қызметтің құлы еместігін ашық айтты.

 

Сұрамаймын қызмет, жүрем ылғи тоба деп.

 

Қасым-Жомарт көкемді, басқалардан жоғары ет.

 

Құдай өзі бермесе, Қасым-Жомарт не береді?

 

Мен Құдайға сенемін, "кроме Аллаха бога нет", — деп жауап берді Балғынбек Имашев.

 

 

Бірнеше жылдан кейін қолына қара домбырасын алып, айтыс аламанына қатысқан Тұрсынбаеваның өнері көпшілікке ұнай қоймаған. Желідегі жұрт бүгінде бизнеске бет бұрған Айнұрдың сахнаға дайындықсыз шыққанын айтып, өлеңінде ұйқас пен мән-мағынаның жоқтығын ашық жеткізіпті.

 

 

"Айнұр қойса болады енді. Сөзінде ұйқас, мағына жоқ. Бос әуре", "Осы қатын жаттап алған сөздерін зарланып айта ма, не істеп жүр?", "Дауысыңыз кетіп қалыпты", "Түсініксіз айтыс", — деп сынады халық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста