Әсел Сәдуақасова желіде төсінің жарты бөлігі анық көрінген суретімен бөлісіп, елдің қызу талқысына түсті. 12 жыл бұрын түсірілген сексуалды фотосын жариялаған актриса оқырмандардың сынына ұшырады. Көпшілік оның ашық суретін жариялауын ерсі әрекетке теңеген деп жазады NUR.KZ.
Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасына ашық фотосын жүктеп, өзінің жастық шағын еске алды. Отандық жұлдыз бұрындары төсін айқара ашқаны үшін ешкімнен сөгіс естімегенін айтты.
"Соңғы кездері мен жоқ дегенде он жыл бұрынғы суреттерді жүктеудемін. Бұл сурет 2007 жылы жасалған. 12 жыл өтіпті. Өте тамаша уақыт болған. "Ұятмендер" мен сыншыл халық болмаған. Қалайсың ба, жаса" , - деп жазған актриса.
Сәдуақасованың 12 жыл бұрынғы фотосы желі оқырмандарының көңілінен шықпаса керек. Олардың басым көпшілігі әртіске қатысты керағар пікірін қалдырып, аяусыз сынап жатты.
"Екінің бірі төсін аша беретін заман келді. Бұл актриса кішкене болсын ұяты бар деп ойлағам" , "Ұялмайсыз ба? Жас қыздарға не үлгі бұл" , "Енді сен шықтың ба төсіңді көрсетіп? Омырауыңыз айқара ашылған бірнеше сурет салдыңыз ғой" , "Сізді бұған дейін қатты сыйлайтынмын" , "Мынау ұят енді. Жатысың жайлы болсын" , "Қандай ұятсыздық, қарағанда жиіркенішіті" , "Төсті көрсеткеннен не шығады? Не мағына? Атың шықпаса жер өрте ме?" . - деп жазуда көпшілік.