Түркияны тәнті етті

Түркияны тәнті етті

Таяуда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерінен құралған ұлт аспаптар оркестрі Түркияда өнер көрсетіп қайтты. Дүйсен Қасейінов басшылық ететін халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған гастрольдік сапарда түрік жұрты қазақ жастарының өнеріне тәнті болды.

Қазақ ұлт аспаптар оркестрі – «Жұбанов көктемі» халықаралық байқауының Гран-при жүл­де­ге­рі. Оркестрдің жетекшісі әрі бас дирижері — Қазақстан Республи­ка­сының еңбек сіңірген қайраткері, про­фессор Айтқали Жайымов.
Гастрольдік сапар барысында оркестр бірнеше концерт берді. Осы концерттердің бірі әлемнің 150 еліне тарайтын телеарна ар­қылы көрсетілмек. Сондай-ақ сту­денттер оркестрі Түркияның 90 жылдығына арналған байқауға қа­тысты. Байқау Түркияның Амасья қаласының кө­ше­сінде өтті. Аталған мерекелік шара барысында үлкен шеру ұйым­дастырылды. Шеруге Түркия­ның Президенті Абдулла Гүл арнайы келді. Түрік жұртшылығының наза­рына тек қазақтілді ғана емес, басқа түркі тілдес композиторлардың шы­ғар­малары ұсынылды.
Гастрольдік сапарға атсалыс­қан өнерпаздардың қатарында жас ди­рижер Арман Жүдебаев, Мем­ле­кеттік «Дарын» сыйлығының лау­реаты Сәуле Жанпейісова, ха­лық­­аралық және республикалық бай­­­қаулардың лауреаты Ахат Кен­же­баев, халықаралық «Шабыт» фес­тива­лінің лауреаты «Сарын» фольк­лорлық ансамблі және «Тұран» фольклорлық-этно­гра­фиялық ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде жас әнші Ақерке Тәжібаева ән шырқады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста