Түркі ақындары Бішкекте табысты

Жуырда  көршілес Қырғыз елінде түркі дүниесі ақындарының «Шиір Шөле­ні» атты жыр мерекесі өтті. Үш күнге жос­пар­ланған ша­раға Қазақстан тарапынан Дәу­летбек Бай­тұрсынұлы, Тельман Нұра­ху­нов, Құл –Ке­рім Елемес, Танакөз Ілия­со­ва сынды бел­гілі ақындар қатысып, қазақ өлеңінің мәр­те­бесін асқақтатып қайтты.
Анкарадағы Түркия Жазушылар ода­ғы­ның ұйытқы болуымен өткізілетін бұл шара екі жылда бір рет Түркі халықтары қо­­ныс­­талған өлкелерде жалғасып оты­рады. Әлемнің Бұрса, Алматы, Ашхабат, Гир­не, Страсбург, Ақмешіт, Үскүр, Баку, Приз­­рен қа­лаларында жыр жалауын жел­­­бі­реткен шайырларға арналған ша­ра­ның онын­шы бағдарламасы Біш­кек­те ұйым­­дас­тырылды. Түркі халықтары қо­ныс тепкен 20-дан ас­там елдерден 80 ақын қатысқан жыр ме­ре­кесінде талан­ты­­мен ерек­ше­лен­­гендер Тү­рік ақыны, Та­­тар ақыны, Ал­тай ақыны жә­не Жүсіп Ба­­ласағұн, Ма­нас, На­мық Ке­мал атын­дағы Түркі дүниесі ақын­­дарының хал­ық­ара­лық сый­лық­та­рын иеленсе, өз­ге­лері ди­пломант ата­нып, арнайы сый­лық­тар­мен мара­пат­тал­ды.
Осылайша дәстүрлі «Шиір Шөлені» поэ­­зия мейрамы өлең өнерін әспеттеп, та­мыры бір, тағдыры бөлек ұлттардың басын қо­сып, бірлік идеясын ту етті.
Қиыр Шығыстағы Сібірден Ақ теңізге дейінгі бауырлас ұлыстардың ақын ұлдары мен қыздары жыр көрігін басып мәртебелі поэ­зияны асқақтатып, Алатаудың бөк­те­ріндегі Ыстықкөлдің жағасын шы­ғар­ма­шы­лық дүбірге бөледі.
Табысты жиынға мұрындық болған Түркия Жазушылар одағының төрағасы  Ибрахим Улви Явуз, Қырғыз ұлттық жа­зу­шы­лар одағының төрағасы Чолпонбек Абы­­кеев және Қырғыз – түрік Манас уни­вер­ситетінің ректоры Сабахаттин Балжы Мыр­­залар аталған шараның алдағы уа­қытта да жалғасын табатынын айтып, түбі бір түркі жұртының рухани-шы­ғар­ма­шы­лық ықпалдастығын дамытуға бір­лесіп қызмет ету арқылы жетуге бо­ла­тын­ды­ғын айрықша атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста