Туризмді түлете алсақ…

Туризмді түлете алсақ…

Туризм феноменін зерттей отырып, мына сұрақты қоймасқа амалың жоқ. Жалпы, адамдар не үшін саяхаттайды? Саяхатқа не бастайды? Әрине, жол. Көне заманғы философтар өз шығармаларында «жол» сөзін үлкен әріптермен жазып қалдырған, мағынасы да биік, яғни адамның жаңа жол таңдауы, шындық пен мейірімділікке бастаулары. Бұл жолда адамдар жалғыз болмайды. Серіктестері, сапарластары да бар. Демек, бұл – заманның сәні ғана емес, адам болмысының табиғи сұранысы, рухани қажеттілігі.
Туризм мәселелерімен әлемнің 70-тен астам ұйымы айналысады. Экономика және туризм саласын зерттейтін зерттеу ор­талығы мен осы саланың мамандарын даярлайтын жүйе құрылған. Мысалы, Швей­царияда (Санкт-Галлен қаласы) ту­ризм индустриясының мәселелерімен Экономика, құқық және әлеуметтік ғы­лымдар бойынша жоғары мектеп жа­нын­дағы туризм және көлік институты айна­лы­сады. Берн университетінде бос уақыт жә­не туризм мәселелері бойынша зерттеу институты жұмыс істейді. Германияда бұл проблемалармен еуропалық туризм ин­с­титуты айналысады. Тағы бір институт Штарн­­бергте орналасқан. Туризм – нарық­тық сұраныс пен талғамға сай келуге тиісті өнімдердің бірі.
Біздің елімізде 1994 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қаты­нас­тар және әлем тілдері университетінің халық­аралық қатынастар факультеті халық­аралық туризм мамандығы бо­йынша осы саланың мамандарын алғаш­қы­лардың бірі болып даярлай бастады. Оның негізін қалаушылар – экономика ғы­лымының докторы, профессор Меңдеш Ес­қалиев, экономикалық география және туризм географиясы саласының ірі ғалы­мы Станислав Ердавлетов, филология ғы­лы­мының кандидаты Гүлзамира Үсенбае­ва­лар. Факультетте әр кезеңде халық­ара­лық дәрежедегі профессорлар Алекс Фер­динанд Шутен, Фелипе Морено (Ис­пания), Джак Мария Вильрокс, Эдди ванн Диик, Ливин Болларт, Антон Якобус, Эрик ванн Вебер (Бельгия), Ахмет Акташ (Тур­ция) және Хуман Сананджади Алиреза, Эгахи Абише Адеджор қазақстандық сту­денттерге халықаралық туризм бойынша дәріс берді. Бұған дейін Халықаралық еу­ро­палық қауымдастықтың Темпус-Тасис KazTour-10028-95 бағдарламасы ар­қасында университеттің оқытушылары мен студенттері кәсіби даярлықтан өткен болатын. Факультеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары – туризм индустриясы, басым­дықтары, проблемалары мен даму көк­жиек­теріне ерекше назар аударған. Ал әлем­дік туризм бағыттарының келешегі де студенттердің зерттеу нысанына айнал­ған. Туризм индустриясының білікті ма­ман­дарын осылайша кәсібіне баулиды.
Бірнеше күрделі құрылымды бірік­тіріп отырған туризм бизнесі – көптеген  елде кең дамып келе жатқан сала. Маман пікір­леріне ден қойсақ, халық­аралық ту­ризм көлік жасау және мұнай өндіру сала­сынан кейінгі үшінші орынды ием­денеді екен.
Туризм біздің елімізде де даму саты­ларына аяқ басып келеді. Туризм эконо­микасының көп сипаты, шаруашылық қа­ты­настары осы саланың мамандарынан кәсіби шеберлікті талап етеді. Республи­ка­мыздың жоғары білім ордаларында оқып жатқан жастарымыз осы саланы жандан­дыратынына сеніміміз мол. Бұл ретте мем­лекетіміздің осы саланы дамытуға қатыс­ты бірқатар тиімді жобаларды жүзеге асыра бастағаны әсіресе жас мамандар­ды қуат­тандыратыны сөзсіз.

Бағыт
Туризм индустриясын Еуропа ғалымдары екіге бөліп қарайды: туристік индустрия және туристік қонақжайлық. Алғашқысына туроператорлар, агенттіктер, көлік, экскурсиялық, танымдық ұйымдар енеді, ал екіншісінде қызмет көрсету, туристерді орналастыру, тамақтандыру қарастырылады. Бір-бірінен ажыратуға болмайтын осы екі бағытты қатар дамытқанда ғана туризмге жан бітіруге болады.

Әмина УАЙСОВА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста