Түрік қағанатынан бүгінге дейін

Түрік қағанатынан бүгінге дейін

Астанада белгілі түркітанушы ғалым Бейсембай Кенжебайұлы­ның «Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін...» деп аталатын бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы жарыққа шықты. 20 баспа табақ көлемінде қалың кітап болып шыққан еңбек әзірге 2000 данамен ғана тарап отыр.
Қазақ әдебиеті тарихын «Орхон-Ени­сей руна жазуларынан» таратып, қазақ әде­биеті тарихының түркі халықтарына ортақ дәуірлері мен өзіне ғана тән даму белес­терін кезең-кезең бойынша жүйелі тал­дайтын еңбектерден құралған бұл кітаптың тілі – құнарлы, айтары – айқын. Бірінші жи­нақ­та ғалымның «Ерте дәуірлердегі әде­биет нұсқалары», «Қазақ әдебиетінің тари­хын дәуірлеу», «Дивани Лұғат-ат Тү­рік», «Қисса-сұл Әнбия», «Кодекс Кумани­кус», «Мұхаб­батнама» атты ғылыми мақа­лалары қамтыл­ған. Сондай-ақ «Қазақ хан­дығы тұ­сын­дағы әдебиет», «Қазақ өлеңінің құры­лы­сы», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» және басқа да мақалалары енген. Абай Құнан­байұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәли­ханов, Ақмолла ақын, Сұлтанмахмұт Торайғы­ров, Мұхамет­жан Сералин, Әсет Най­манбаев, Бернияз Күлеев, Мақыш Қал­таев, Әкірам Ғалымов туралы зерттеу еңбегі жарияланып отыр. Аталған еңбектің редак­циялық алқа құрамына У.Қалижан, М.Жол­дасбеков, Ә.Кекілбай, Т.Кәкішұлы, Н.Келім­бетов(марқұм),    Қ.Ер­гөбек сынды ға­лым-жазушылар енген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста