Түнгі мұражай тылсымға толы

Түнгі мұражай тылсымға толы

Қарағандының бейнелеу мұражайы өзінің 25 жылдық мерейтойына орай түнгі мұражай жобасын ұйымдастыруда. Аты айтып тұрғандай, мұра­жай түнімен есігін айқара ашып, қарағандылықтарға тарихтан сыр шерт­пек. Түнгі мұражай халықаралық мұражайлар күні қарсаңында өткізілмекші.
Мұражай алдындағы алаңда күндіз Қарағандының суретшілері туындыларын көпшілікке ұсынып, сатып, көрмеге қоя алады. Ол үшін суретшілерден ақы, төлем талап етілмейді. Ал кішкентай балдыр­ған­дар «Әлемді бейнелеймін» деген тақырып­та қағазға, асфальтқа сурет салу бойынша байқауға қатысады. Кешкі сағат 18.00-ден бастап, 23 сағатқа дейін түнгі мұражай бас­талады. Онда мұражай қызметкерлері боди-арт жобасын ұсынады. Ол «Жанды мүсіндер» деп аталады. Яғни адам арқылы белгілі суретшілердің туындылары бейне­ленетін болады. Сондай-ақ мұражай қыз­меткерлері мұражай залын бірнеше бө­лік­ке бөліп, түрлі костюм киіп, онда тарихи ке­зеңдерді бейнелейтін көрінеді. Сонау адамзат пайда болған үңгірден бастап, бүгінгі ХХІ ғасырдағы Қазақстанға дейінгі ара­лықты қамтымақ.
Мейрамгүл ЕЛУБАЕВА, мұражай қызметкері:
– Атақты суретшілердің көркем туын­ды­ларына жан бітеді. Атап айт­қанда, Валентин Серовтың «Қыз бен шаб­далы», Франсиско Гойидің «Герцо­гиня Альба», Жан Этьен Лиотардың «Шо­коладшы» сын­ды озық туынды­ла­ры. Сонымен қатар, мұра­жайға келуші­лер алғашқы қауымдық құрылыстан бүгінгі егемен елімізге дейінгі тарихи дәуірлерді тамашалай алады. Олар то­ғыз секторға бөлінген. «Үңгірдегі өн­ер», «Ренессанс», «Орыс суретшіле­рі», «Сюрре­а­лизм. Сальвадор Дали және оның моде­лі», «Шоқан Уәлиханов су­реткер ретінде», «Қазақтың бейнелеу өнері», «Репрессияға ұшыраған сурет­шілер», «Қарағанды сурет­шілер одағы­ның негізін қалаушылар» және «Біздің замандастарымыз».

Бұл жоба мұражайда алғаш рет жүзеге асып отыр. Мұражай мамандарының айту­ын­ша, бұл алдағы уақытта жалғасын таба­тын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста