«Түкке тұрғысыз»: Сәуле Әбілдаханқызы оқу бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынып отыр

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы "оқушыларға түкке тұрғысыз пәндерді оқытқанша, олардың медициналық сауаттылығын арттыру керек" деп тас-түйін отыр. Бұл ойын ол, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктің алдына жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның ойынша, "Медицина негіздері" пәнін ЖОО-ның алғашқы курсында оқытуды қолға алған жөн.

"Алғашқы дәрігерлік көмек" (немесе "Медицина негіздері") деген пәнді балаға мектеп жасынан үйрету керек деген ойымды тағы да қайталаймын.

Мектеп оқушыларын түкке тұрғысыз пәндермен шаршатып, уақытын (өмірін) текке ұрлағанша, оларға қарапайым ғана медициналық сауаттылықты оқытқан әлдеқайда пайдалы екенін түсінген шығарсыздар? Түсінбеген болсаңыздар, мына індет бізге соны ұқтырды деп ойлаймын.

"Алғашқы көмек" - бастауыш сыныпта; "Алғашқы медициналық көмек" - орта және жоғары сыныптарда;
"Медицина негіздері" - ЖОО алғашқы курстарында оқытылуы тиіс.

Оқу бағдарламасын баланың жасына қарай өте қарапайым алғашқы көмектерден бастап, укол салып, система құюға дейін, витаминдер мен антибиотиктердің ерекшелігі мен қолданылуына дейін әрбір жас, әр адам біліп, меңгеріп шығатын болады.

Мысалы, бастауыш сыныпта қол жуу, жеке гигиенадан бастап, "неге сіріңке жағуға болмайды, жаман иіс шықса кімге, қайда қоңырау шалу керек, өрт шықса не істеу керек, жер сілкінсе не істеу керек, қасындағы ересек адам ес-түссіз ұйқыдан оянбаса, не істеу керек, неге дәрі-дәрмек салынған құтыға тиісуге болмайды, неге ваннадағы химиялық заттарды ұстауға болмайды?" деген секілді т.б. балаға қауіпті және баланы қорғайтын дүниелерді түсінікті тілмен, көркем безендіру арқылы жеткізуге болады.

Ал орта және жоғары сыныптарда, ЖОО (1-2 курс) адам анатомиясынан бастап, қарапайым аурудың түрлері, ерекшеліктері, сақтану жолдары, алдын алу жолдары, қолданатын дәрі-дәрмектердің түрлері мен әсері, қан қысымын өлшеу, қысқасы, алғашқы медициналық жәрдем фельдшері, медбике мамандары білуге тиістінің бәрін әр адам мектептен, ЖОО-нан біліп шығуы керек.

Сонда әр адам өзіне де, өзгеге де көмектесіп, өмірін сақтап қалуға сеп болады", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы парақшасында.

Мұнымен тоқтамаған журналист медициналық тұрғыдан сауатты болудың жан-жақты пайдалы тұстарын, нені білу керектігін жазбасында тізіп шықты.

"Мысалы, қара жамбастан өзіңе не өзгеге укол салудың түк қиындығы жоқ. Ал соны көп адам білмейді, қорқады. Немесе қарапайым ғана бас ауырғанда қан қысымы жоғарылар қандай дәрі ішу керек, ал қан қысымы төмендер қандай дәрі ішу керек? 

Көбіміз осыны ажырата алмаймыз. Іш ауырғанда не ішу керек, тіс ауырғанда не көмектеседі? Қасыңдағы адам эпилепсиядан құлап жатса, не істеу керек? Неге тілін суырып, қасық тістету керек? Іш қатудың белгілері мен дер кезінде емделмесе, салдары қандай болады? Режимнің денсаулыққа әсері, ұйқының пайдасы мен зияны, ұйқысыздықтың салдары т.б. көп.

Бізге алғашқы медициналық сауаттылық өте керек! 

Бүгінгі індет жағдайында тым болмаса процедурный кабинеті де жоқ, шағын ғана дәріхананың сатушысына келіп, укол немесе система салып беруін өтініп, есігінің алдында 15-20 адам отырғанын көріп жүргендеріңіз бар шығар!?

Жапония бұл жағынан озып тұр. Үлгі етуге болады. Балаға өрттен қорғануды, жер сілкінісінен қорғануды бастауыш сыныптан бастап үйретеді. Бүгін оқып, ертең ұмытып кететіндей қылмай, тәжірибелік жұмыстарды әркез қайталайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігін белгілеп жіберсеңіздер!", - деп әр адамға денсаулық керектігін ескертті.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста