Төрт «Т» түгел болса, төбедегі келеді

Төрт «Т» түгел болса, төбедегі келеді

Еліміздің биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық эстафетасын алып, ресми түрде басшылық еткеніне де үш айдан асыпты. Әлемдегі ең іргелі аймақтық ұйымды басқару бақыты Қазақстанның ұстанып отырған тұрақты саясаты мен жібектей жұмсақ дипломатиялық қарым-қатынасының арқасында бұйырғанын аңғару қиын емес.

Төрағалық тұғырына отырғаннан кейін екі жұма өткенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметіне кірісуіне орай арнайы үндеу жолдады. Бұл бейнеүндеу барысында Президент төрткүл дүниеге түйткілді болған мәселелерді қамтитұғын төрт бірдей «Т» әрпінен басталатын Қазақстанның төрағалық ұранымен таныстырып өтті. Яғни «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік). Енді осы сөздердің мағынасын тарқатып көрсек.

TRUST – сенім
Бұл ұғым ұйымға мүше елдердің бір-біріне деген өзара сенімін білдіреді. Жасыратыны жоқ, ЕҚЫҰ елдерінің идеясы бір болғанымен, экономикалық мүдделерге келгенде, келіспейтін тұстар баршылық. Әлемдік саясаттың ірі ойыншылары да мүше болып табылатын ЕҚЫҰ-да іштей мүдде қақтығыстары жиі орын алып тұрады. Державалардың аталған ұйымнан тыс Еуропалық Одақ пен НАТО сияқты құрылымдар арқылы жымдасып, саяси құндылықтарды желеу ету арқылы ЕҚЫҰ картасының шығысында орналасқан жас мемлекеттерді шеттететін жағдайлар аз кездеспейді. Осындай келеңсіздіктер дипломатия құндылықтарын мүдделер қайшылығының көлеңкесінде қалдырып отыр. Соңғы 11 жыл ішінде 56 мемлекеттің біршамасы саяси әрі экономикалық дағдарысты басынан өткерді. Көп мемлекеттің басшылары ауысып, саяси көзқарастары өзгеше тұлғалар мемлекет тізгінін ұстады. Тек қана сыртқы істер министрлерінің деңгейінде кездесулер мен отырыстар ұйымдастырылуы ұйымға мүше елдер арасындағы диалог пен сенімнің әлсіреп кеткенін көрсетіп отыр. Осындай шақта өзара сенім болмағаннан кейін сөз бен істің арасы алшақтай беретіні – заңдылық.

ТRADITION – дәстүр
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның өміршең дәстүрлерін жаңғыртуға, заманға сай дамытуға зейін қоятынын осы ұғым арқылы білдіріп отыр. Дәстүр деп отырғанымыз – ұйымның негізгі мақсаттарын айқындайтын үш себетінде тайға таңба басылғандай айқын көрсетілген принциптер. Осы үш себеттің алғашқы екеуіндегі қару-жарақ таратуға бақылау жасау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер әзірге сөз жүзінде қалып келеді. Қару-жарақ таратуды бақылау негізгі принциптердің бірі болса да, ұйымдағы азуы алты қарыс алпауыттардың өздері заңсыз қару саудасынан жарысқа түсіп кеткенін күн өткен сайын көріп-біліп отырмыз. Экологиялық қауіпсіздіктің де шекесі қызып тұрғаны шамалы. Жаппай қаруланумен қатар, зымырандар ұшырудан бәсекеге түскен державалар экологиялық қауіпсіздікке пысқырып та қарамайды. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін төрағалық ұрандағы екінші ұғымның мағынасы ЕҚЫҰ-ның басты құндылықтарын жүзеге асыру болып отыр.

ТRANSPARENCY – ашықтық
Бұл ұғым халықаралық қатынастардағы үлкен масштабтағы ашықтықты қамтамасыз етпек. Елбасы сөзімен айтсақ, ұйым мемлекеттері ортақ мүддеге тоғысып  отырса да, екі стандартпен өмір сүруде. Оның бір дәлелі – «қырғиқабақ» соғысы кезеңінде қалыптасқан стереотиптерден әлі де арыла алмай келе жатқан мемлекеттердің болуы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «әлемдік демократиялық қоғамдастықпен жиырма жылдай уақыт бойы етене араласып келе жатса да, ЕҚЫҰ-дағы кейбір әріптестеріміздің санасы әлі бұрынғы кеңестік республикалар туралы жаңсақ түсініктерден арыла қойған жоқ» деген уәжі дәлел. Яғни ұйымның көздегені стратегиялық жобаларды жүзеге асыру болса, мемлекеттер арасында томаға-тұйықтық болмауы керек. Міне, Қазақстанның басты ұранындағы үшінші ұғымның кең мағынасы осындай.

ТOLERANCE – төзімділік
Ал төртіншісі – Президент айтқандай, бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы. Биполярлық жүйе құлаған сәтте америкалық философ Самуэль Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» атты мақаласын жариялау арқылы адамзат баласы қандай да бір қауіппен күресетінін тамыршыдай дөп басып айтып кеткен еді. 2001 жылғы Нью-Йорк оқиғасынан кейін әлем алапат өркениеттер қақтығысының алдында тұрды. Міне, осындай жауапты кезеңде еліміз әлемдік және дәстүрлі діндер съезін тұрақты түрде өткізіп, әлемге үлгі болуды мақсат етті.

Ой-түйін

Бұл төрт түсінік Қазақстанды әлемдік өркениетке танытқан құндылықтар болып табылады. «Траст»– еліміздің нәзік дипломатияға сүйене отырып, көпвекторлы саясат арқылы державалармен тең дәрежеде ұлттық мүддесін сақтап, өзара сенім қалыптастыруы. «Традишн» – халықаралық саясаттың құндылықтарын сақтап, кез келген мемлекетпен тіл табысуы. «Транспаренси» – томаға-тұйықтықты құп көрмей, әлемдік қауымдастық үшін ашықтықты қамтамасыз етуі. «Толеранс» – еліміздің ең негізгі принциптерінің бірі, яғни ядролық қарудан бас тартуы мен Батыс пен Шығыс өркениетінің ықпалдасуына зор үлес қосуы.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста