Әлеуметтік желіде отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Түрлі парақшаларда жарияланған бұл мәліметке қатысты әншінің өзі жауап берді деп жазады NUR.KZ.
Желідегі түрлі парақшаларда "Ұлы дала баласының" жол апатынан көз жұмғаны айтылған.
Ал халыққа "тентектігімен" танылған әнші ақпараттың жалған екенін өлеңмен жеткізіпті.
"Бір Алланың құлымын, Ұлы даланың ұлымын. Ассалаумағалейкум Ағайын мен тірімін! Ешқандай апат болған жоқ Үзілген де жоқ жұлыным. Күнәсін Құдай кешірсін Өтірік айтқан құлының. Разылығы үшін Алланың Кешірдім мен де қылығын. Тірідей етін жемесін Қазақтар бір-бірінің. Жалған сөйлеуді қойыңдар Одан да тілеп қойыңдар Тәңірім ұзақ қылсын деп Төрештеріңнің ғұмырын!", -деп жазған ол.