Төреғали Төреәлі үшінші қызының дүниеге келгенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Сүйінші! Алланың қалауымен үшінші қызды болдым! Әлxамдулилләh", - деп жазған әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Үш қызы бар кісінің көп қате-күнəлəрі кешіріледі дейді ғой. Бауы берік болсын, ырыс несібесі мол қыз болсын", "Қыз деген өмірдің жалғасы. Гүлдей құлпырып өсе берсін", "Жолың ашық болады, жұмақтан орын бар", - деп жазған пікір қалдырушылар.