Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты
Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі досы әрі өзіне талай хит әндерді жазған ақын Қайнар Алагөзовті қымбат сыйлығымен қуантты.
Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші жақында ғана тұңғыш ұлы дүниеге келген Қайнарға "Гелендваген" көлігін сыйға тартқан.
"Ұлымның есімін Әлихандай алып тұлға болсын деп Әлихан атадым. Төреғали ұлыма "Гелендваген" сыйлады", - дейді Қайнар.
Әзірге, ұлы ер жеткенге дейін "Алло" әнінің сөзін жазған Қайнар Алагөзов көлікті өзі жүргізбекші.
Естеріңізге сала кетейік, жақында танымал әнші Қайрат Нұртас жақын досына 50 мың доллардың пәтерін сыйлаған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу