"Томиристі" сомдаған ару тұрмысқа шықты

ан Сатаевтың "Томирис" атты фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған әнші әрі актриса Салтанат Серкебаева ресми түрде келін атанды. Өнер иесі қыркүйек айында дәстүр бойынша ұзатылып, кейін үйлену тойын да өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше жыл бойы "Назар" тобында өнер көрсетіп, көпке танылған Салтанат Серкебаева мен оның сүйіктісі отбасын құрды. Жас жұбайлар айдың басында өтіп кеткен ұзату мен үйлену тойларының суреттерімен енді ғана бөлісуде.

Қос ғашық өздеріне ақ тілектерін жаудырып жатқан халыққа алғысын білдіріп, Instagram желісінде еш жерде жарияламаған фотоларымен қуантты.

Айта кетейік, Салтанат Серкебаеваның ғашығы осы жылдың бірінші маусымында оған үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауабын алады. Ол тосын сыйын елордадағы көпірдің үстінде тек жақындарының арасында жасайды.

Сонымен қатар, еске сала кетейік, Салтанат Серкебаева өнер саласына Мөлдір Әуелбекова құрған "Назар" тобымен қадам басты. Алайда, басты танымалдылық оған "Томирис" фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдағаннан кейін келді. 

Серкебаева киноға түсіп жатқан уақытта "Назар" тобы жұмысын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болған. Түсірілім аяқталған бойда бойжеткен ұжымға оралып, тағы біразға дейін құрамда өнер көрсетіп жүрді.

Алайда, ақыр-соңы өзін басқа бағытта көріп, топтан кетуді ұйғарды.

Бүгінде отбасын құрған Серкебаева барынша келіндік қызметіне кірісіп кеткен. Одан бөлек, ол өзін басқа жобаларда да актриса ретінде танытып жүр. 







Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста