Тойдың жаңа түрі: Қазақтар үйлену тойын үндіше өткізетін болыпты (фото)
Бүгінде қазақ тойындағы түрлі қызықтар ел арасында түрлі пікірлер тудыруда. Тойдағы сан алуан сорақылықтар елдің сынына ұшырап жатса да, ондай жайттардың саны азаяр емес. Мәселен, желіде қызу талқыға түскен келесі бір тойда бүкіл қонақтар мен той иелері үнді стилінде киініп келген. Желі қолданушылары бұл тойдың иелерін жерден алып, жерге салып, сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Тойға келген кез келген адам үнді стилінде киінген. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін, ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар да бұл дресс-кодты қатаң түрде ұстанып келген. Тойдағы безендіру де үнділіктердің салтына сай орындалып, әрбір деталь той иелерінің назарынан қалмаған.
Facebook әлеуметтік желісіне жүктелген бұл видеоға жүздеген адам пікір қалдырып, ондаған адам бөліскен.
Желідегі қолданушылар той иелерін сөгіп, олардың бұл айрықша салтанатты тойына сын айтып тастады.
Кей желі қолданушысының сөзіне сенсек, бұл той Ақтауда өткен үйлену тойы. Дегенмен, видеоны желіге жүктеген қолданушының өзі тойдың қашан және қай жерде өткені туралы еш ақпарат жазбаған.