Тойда ұятсыз би билеген қыздар елдің ашуын туғызда
Тойда санын жалтыратып, ұятты би билеген қыздың әрекеті қатты талқылануда. Тіпті жұрт той иесін сынап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан екі жігіт пен екі қыздың бірлескен биін көруге болады. Бірақ көп ұзамай қыздардың бірі жерге жата қалып, бөксені бұлғаңдата бастайды. Тіпті еңбектеп ерсі қимылдар істейді.
Не дейсіңдер мынаған? Қызым, тойда бұлай билемей-ақ қойшы, клубыңа бара бер, — деп жазылған бейнежазбаға.
Желідегі жұрт бұл биге ашумен үн қатқан.
"Тойға шақырған адам ойланбай ма? Құдалары бар емес пе?", "Ұят, тойдың қадірі кетті", "Осындайға шектеу қойып, айыппұл салса, шіркін", "Ұятынан айырылған ел болып барамыз", "Құйрығынан бір теуіп, тойханадан қуып шықса", "Еркек емес, бәрі ездер қарап" — деген сыни пікірлерін қалдыруда желі қолданушылары.
1