Тәуелсіздікпен бірге ой еркіндігі келді

Тәуелсіздікпен бірге ой еркіндігі келді

Нұрдәулет АҚЫШ, жазушы:
Жақында белгілі жазушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Ақыштың «Бейуақта жанған от» деп аталатын хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Жазушылық пен ғылымды қатар алып жүрген қаламгермен бүгінгі әдебиет төңірегінде аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Cіз Әдебиет және өнер институты қа­бырғасында жүріп Тәуелсіздік ке­зеңіндегі әдебиетті зерттеумен айна­лы­сатын бөлімге жетекшілік етіп жүр­сіз. Өзіңіздің зерделеуіңізше, бүгінгі ұлт­тық әдебиетте нендей жаңалықтар бар?
– Әңгімені әріден бастасақ, Әдебиет және өнер институты о баста әдебиет пен өнердің тарихын зерделі түрде зерттеп, оның теориясы мен әдістемелігін дамыту үшін құрылған. Онда сан салалы ғылыми зерттеулермен айналысатын кезең-кезең­дерге жіктелген бөлімдер бар. Соның ішінде Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетті саралап отыратын арнайы бөлім жұмыс істейді. Демек, 1991 жылдан бері қарай жа­зыла бастаған шығармалар біздің зерт­теу нысанымызға айналып отырады. Сон­дықтан да қаламгер атаулы бүгінгі уақытта дү­ниеге әкеліп жатқан барлық шығарма­шылық еңбектер мен тың ізденістерді Тә­уел­сіздік тудырған әдебиет деуге толық негіз бар. Оның өзін біз әр қырынан қарас­тырып, бірнеше буындарға бөліп, саралап отырамыз. Бұл ең әуелі ұлт әдебиетінің әлеуеті мен рухани қуатының қаншалықты екенін бағамдап отыру үшін қажет.
Қазіргі қазақ әдебиетінің артықшылық­тары көп. Мысалы, дербес мемлекет ретін­де іргесі беки бастаған елімізде Тәуел­сіздікпен бірге ой еркіндігі келіп, жаңа шы­ғармашылық мүмкіндіктер ашылды. Бұған қоса бүгінгі ақын-жазушылар кезіндегідей қатал цензура мен әкім­шілік диктату­ра­дан арылды. Осы­дан келіп қалам ие­лерінің көкірек­терінде кеңес­тік дәуір бұғаулап кел­ген небір ой­лар буырқанып, сырт­қа шыға бас­тады. Сон­дай-ақ олар жоғ­а­рыға ала­қан жаймас­тан кітаптары мен шы­ғармашылық кеш­терін, басқа да шар­уаларын өз бет­те­рінше және түрлі де­меушілер арқылы жүзеге асыра алатын­дай мүмкін­діктерге ие болды. Бұған қоса әдеби өмі­рімізде буын алмасу процесі жүрді. Осын­дай өтпелі де аласапыран уа­қыттарды бас­тан кешкен қазақ әдебиеті сәл шатқаяқ­тап барып, қайта оңала бас­тады.
– Әдетте жас қаламгерлер тарапына көп сындар айтылып жатады. Осы орайда сіздің сыншы, әдебиетші ретіндегі пікіріңізді білсек...
– Әдебиетке кейін келген жас буын өкілдері көбінесе субъективизмге, яғни өзінің жеке ойлары мен толғаныстарына, жеке басқа тән эмоцияларына тізгін беріп жатады. Олар өздерінен бұрын қалыптас­қан қағидаларды бұзып-жарып, өздерінше тың дүние жасауға тырысып бағуда. Қазіргі кейбір жастар тіпті кеңес тұсындағы қазақ әдебиетін толықтай жоққа шығарғылары келеді. Социалистік реализм пафосында жазылған дүниелер болса, ол сол дәуірдің өзі тудырған дүниелер деп қарауымыз ке­рек. Тіпті тоқсаныншы жылдардың басын­да партияны паш еткен әдебиеттен мүлде бас тарту керектігін алға тартқан әсіре әдебиетшілер де болды. Бірақ біз бүгінгі әдеби процесіміздің алға жылжуына себепкер болған сол дәуірдің шығарма­ларынан теріс айналып кете алмаймыз. Оның арасында қаншама тамаша еңбектер бар?! Сайып келгенде, қазіргі кезде қалам ұстап жүргендердің бәрі жоқ жерден пайда болған жоқ қой. Олардың арасында кеңес дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың шығармаларымен сусындамағаны кемде-кем. Қалай болғанда да, Тәуелсіздік ке­зеңіндегі әдебиет өз-өзінен, тақыр жерден пайда бола қойған жоқ.
– Ендеше, оның қалыптасу кезеңіндегі алғышарттарды қысқаша шолып өтсеңіз...
– Тоқсаныншы жылдардың басында әдебиетте дәуір алмасу кезеңі жүре бастағанда үлкен буынның басым бөлігі біразға дейін бұрынғы қызыл реализмнің инерциясынан арыла алмай келді. Енді не жазу керектігі үлкен сауалға айналған осы тұста ішкі дайындығы бар жазушылардың көбі тарихи шығармаларға ойыса бастады. Себебі ұзақ жылдар өзгенің көлеңкесінде ғұмыр кешкен қазақ қоғамының рухын ояту үшін тарихты түгендеу керек болды. Бір айта кетерлігі қазақ қаламгерлері жаңа заманға тез бейімделіп кетті. Керек десеңіз «коммунистік идеядан жаңылмаймын, компартияға зор сеніммен қараймын» деп жүрген ағаларымыз қазаққа қатысты қадау-қадау шығармаларды дүниеге әкел­ді. Демек, сырттағы өзгерістермен қатар, қазақ ақын-жазушыларының ішкі жан дүниелерінде төңкеріс болып, шығар­машылық реформа жүзеге асырылды.
– Ұлттық әдебиетте үлкен реформа туды дейсіз, дегенмен ел арасында «бүгінгі әдебиет жасалмай жатыр» деген де пікірлер айтылып қалып жүр ғой...
– Бүгінгі заман бейнесі әдебиетімізде көрініс таппай отыр деген пікірмен келіспеймін. Бұл – билікке жағымпаз жандардың шығарып алған пәлсапасы. Сонда қазір қаламгерлер кешегі немесе ертеңгі дүниені жазып отыр ма?! Керісінше, кез келген жазушы өз дәуірінің суреткері, кез келген ақын өз заманының жыршысы. Сен ананы жазбадың, сен мынаны сөз етпедің деп қалам иесін бұрынғысынша тұқыртуға болмайды. Ал әдебиет пен өнер осылайша, саясаттың шылауына қайта ілігетін болса онда шығармашылық бостандық пен талғам туралы әңгіме айту бекер. Мысалы кино мен театр режис­серлары көбіне – мықты драматургтер, сценарийстерге зәруміз дегенді жиі ай­тады. Әрине, жақсы спектакльдің, қызықты фильмнің дүниеге келуі – жақсы әдеби шығармаға да тіке­лей байланысты. Бірақ белгілі бір кино­ның, спектакльдің я бол­маса мультфильм­нің сәтсіз шығуы соны жасауға негіз бол­ған әдеби шығармаға ғана байланысты емес қой.
– Сонда неге байланысты деп ой­лайсыз?
– Бұл жерде шығармашылық байла­нысты жақсарту қажет. Неге бәріне әдеби шығарма авторы кінәлі болуы керек. Қажет болатын болса кейбір керемет пьесалар сахнада қор болып жатады. Ал қаншама қазақ қаламгерлерінің тамаша туындылары экрандалмай жатыр?! Демек, бұл мәселеге керісінше келуге болатын сияқты. Ал сцена­рий жазу – шығармашылық еңбек­пен қатар нағыз қара жұмыстың өзі. Сон­дықтан да кейбір жоғары оқу орындарында кемінде бес жыл болашақ сценарийстер оқып, дайындалады. Бұл өзі екінің бірі игеріп әкететін оңай мамандық емес. Қара сөздің қаймағын сапырып жүрген кейбір жазушылардың өзі дәл осы мәселеге келгенде айылын жиып қалатыны тегін емес. Сценариймен айналысу дегеніміз – көркем ойдың көрінісін техникалық тұр­ғыда көрсете білу, белгілі бір шығарманы, сюжетті экранға бейімдеу немесе сахнаға лайықтау болып табылады.
Ал әлгіндей «бүгінгі заманның әдебиеті тумай жатыр, киноға, сахнаға лайық дү­ниелер жоқ» деген сөздер ұлттық әдебие­тіміздің әлсіздігінен емес, керісінше оның өз дәрежесіндегі насихатының жоқты­ғынан.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста