Тәшенов тұғырға көтерілді

Жұмабек Тәшенов кім? Бұл сұраққа біреуі жауап берсе, екеуі басын шай­қауы бек мүмкін. Өйткені Жұмабек Тәшенов­тің ұлтжандылы­ғын, қазаққа тигізген орасан пайдасын, батылдығын кейінгі ұрпаққа жеткізуде зиялы қауым тарапынан белсен­ділік байқалмайтын се­кіл­ді. Бұл туралы газеті­мізде бұрын да әңгіме қозғалған болатын.
Сонымен Тәшенов кім? Қысқаша ғана тоқталар болсақ, Жұмекең – Қазақстанның солтүстіктегі бес облысын, Батыс  және Оңтүс­тік Қазақстанның бірқатар аудан­дарын көрші елдерге беру туралы Мәскеу­дің озбыр саясатына қарсы тұрып, жеріміз­дің тұтастығының сақталып қалуына себеп болған, ұлтының нағыз жанашыр азаматы болған қайраткер тұлға.
Жұмекең Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып жүрген кезінде Шымкент облысына қарасты Бостандық ауданын Өзбекстанға беру жөнінде нұсқау беріліп, осы жөнінде арнайы комиссия құрылады. Оған жетекшілік еткен Ж.Тәшенов «Бостан­дық ауданының жерін Өзбекстанға беру тиімсіз» деген қорытындыға келген. Алай­да жергілікті жердің пікірін ескермеген өктем Мәскеу Бостандық ауданын Өзбекс­танға беріп жіберді. Табиғаты әсем, шаруа­шы­лыққа жайлы жер сол күйі көрші елдің енші­сінде қалып қойды.
Жұмекеңнің Министрлер Кабинетінің төрағасы қызметін атқарған жылдары Қазақстанда Тың өлкесінің құрылуымен тұстас келді.
Сол жылдары Н.Хрущевтің нұсқауымен Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейдің қарамағына беру мәселесі көтерілді. Ж.Тәшенов бұл шешімге қасқая қарсы тұрды. Бірінші хатшы Н.Хру­щевке: «Егер Жоғарғы Кеңес әр респу­бли­каның жерлерін жергілікті орындарсыз шеше берсе, КСРО-ның және ұлт республи­каларының Конституцияларын жою керек қой. Әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы табиғи байлығына «өз меншігім» деп пайдалануға құқығы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқығы жоқ», –  деп батыл қарсы пікір айту тек Жұмекеңнің ғана қолынан келді. Осы қарсылығы үшін Жұмекеңді Министрлер Кабинеті төрағасы қызметінен босатып, Оңтүстік Қазақстан облыстық Атқару комитеті төрағасының қатардағы орынба­сар­лығына төмендетіп жіберді. Қызметтік жолының соңғы 15 жылын ол осы Шым­кент­те өткізді.
Бүгінде Шымкентте Тәшеновтің есімімен аталатын көше бар. 2005 жылы ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Енді, міне, жуырда Жұмабек Тәшеновтің ескерткіш-мүсіні бой көтерді. Оның ашы­луы­на қала жұртшылығымен қатар, Алматы мен Астанадан келген зиялы қауым өкіл­дері, байырғы партия-кеңес қызметкер­лері жиналып, естеліктер айтты, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. Артынан Жұме­кеңнің рухына арнап ас берілді.
Осындай игі істерді атқарып жүрген Шымкенттегі Сабыр Рақымов атындағы республикалық әскери-мектеп интернаты­ның бастығы, Жұмекеңнің немере інісі Ұлықпан Бәшеннің айтуынша, Ж.Тәшенов­ке ескерткіш мүсін қою туралы бастаманы байырғы кеңес-партия қызметкері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әштар Жолдасов көтеріпті. Асыл азаматтың халық алдындағы зор еңбегін көрсету, нар тұлғасын асқақтату мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өткен ақпан айында Астанадағы «Тәшеновтің азаматтық ерлігі және қазіргі патриоттық тәрбие» деген тақырыппен өткен республикалық ғылы­ми-практикалық конференцияда сөз алған­дар 2015 жылы тойланатын Ж.Тәше­новтің 100 жылдығына дейін атқа­рылуы тиіс бірқатар ұсыныстарды әзірлеп, оны орындау үшін Президент әкімшілігіне, облыстық әкімдіктерге жол­даған. Оның ішінде Астанадағы бұрынғы Тың игерушілер сарайына Тәшеновтің есімін беру, оның алдына ескерткішін қою, сол арадан бастау алатын Бейбітшілік көшесіне есімін беру, оның өмірі туралы сериялы кітаптарға, деректі фильмдерге, көркем шығармалар­ға, сахналық қойы­лым­дарға байқау жа­рия­лау, Алматы, Ақ­төбе және Қызылжар қалалары орталық көшелерінің біріне атын беру, ол тұрған үйге ескерткіш тақ­талар орнату туралы ұсыныстар бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста