Тапалова неге тасада қалды?

Тапалова неге тасада қалды?

Қазақтан шыққан тұңғыш балерина, Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туған Нұрсұлу Тапалованың туғанына биыл 90 жыл толады. Биші жөнінде дерек көп емес. Н.Тапалованың өмірі мен өнері жөнінде тарихи деректер, фотоқұжаттар жинап жүрген Зада Тілегенқызы осыдан төрт-бес жыл бұрын Алматыға іссапармен барып, биші туралы деректер алып қайтқанын айтады.

Деректерге қарағанда, Нұрсұлу Тапа­лова 1923 жылы өмірге келген. Ол 11 жас­қа толғанда бойындағы талантты көр­ген академик Ахмет Жұбанов оны өнер деп аталатын үлкен өмірге бағыттап, жол­да­ма берген. Мектепте оқып жүргенінде ән, би үйірмесіне қатысып, мектептің қо­ғам­дық өміріне етене араласқан бала Нұр­сұлу 30-жылдардың аяғында Алматыдағы опера театрынан бір-ақ шығады. Театрдың көркемдік жетекшісі Қ.Жандарбеков пен балетмейстер А.Александров Нұрсұлуға Мәскеудің не Ленинградтың хореография­лық училищелерінің ұлттық бөлімдеріне түсуге кеңес береді. Алайда Тапалова сол театрда қалуды дұрыс санап, оқуға бар­май қалады. Алғашқыда театр студиясын­да дәріс алып, кейін кордебалетте қызмет істейді. Жас бишіге арагідік жеке билер­ді сеніп тапсырады. «Қыз-Жібек», «Қалқа­ман-Мамыр» қойылымдарында Н.Тапа­лова Шара Жиенқұлованы ауыстырады.
1975 жылға дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза» және «Жамбыл» атты белгілі кинофильм­дерге түсіп, актерлік қырынан да таныла­ды. 1947 жылы «Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі» деген құрметті атаққа ие болады.
— Қазақтың маңдайына біткен қос тұлға — Нұрсұлу Тапалова мен оның жол­дасы, қазақ боксының атасы Шоқыр Бөл­текұлының тұрмысы ауыр болған. Ал­матының Жамбыл және Амангелді көше­лерінің қиылысында орналасқан Әртістер үйі деп аталатын үш қабатты шағын ғана үйдің бір бөлмелі пәтерінде өмір сүрген олар екі қыз бала тәрбиелеп өсірген. Ал­ма­тыға барған сапарымда солармен көр­ші тұрған белгілі музыка зерттеушісі Петр Аравин Нұрсұлу Тапалова мен Шоқыр Бөлтекұлы тұрған үйге бастап барды. Бір өкініштісі, біз барғанда қыздары әлдеқан­дай себептермен пәтерін тастап, көшіп кетіпті. Кейін іздестіріп жүріп, қыздардың Алматының түбіндегі бір ауылда тұрып жатқанын білдік, — дейді З.Тілегенқызы.
Қазір Нұрсұлу Тапалова тұрған үйде тым болмаса мемориалдық тақта жоқты­ғын З.Тілегенқызы налып айтады. Ақтөбе қаласының Заречный ауылында ғана Тапа­лова атына берілген көше бар екен, басқа жерде бишінің атын есте қалдырар­лықтай ештеңе жоқ.
1998 жылдары елде экономикалық дағдарыс орын алып, халықтың тұрмысы тым нашарлап кеткені бәрімізге аян. 1998 жылы Нұрсұлу Тапалова қайтыс болғанда марқұмды Кеңсайға дейін халықаралық дәрежедегі төреші, боксшы, бапкер Серік Әбдінәлиев арқасына салып апарған екен.
– Нұрсұлу Тапалованың да, Шоқыр Бөлтекұлының да басы бірнеше жыл бойы қарайтылмай жатты. 2010 жылы маңғыс­таулықтар бұл істі қолға алып, екеуінің де басын қарайтты, – дейді З.Тілегенқызы.
Ұлт мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі, әйгілі бишіміз Нұрсұлу Тапалованың туғанына 90 жыл толатын осы жылы рухын асқақтатып, асқақ мүсінін өз тұғырына орнатқанымыз жөн шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста