ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ: «ЖЕТІНШІ АРНА» ЖҰЛДЫЗЫ

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ: «ЖЕТІНШІ АРНА» ЖҰЛДЫЗЫ

Оңалтай ҚУАНДЫҚ, 1979 жылғы 14 қазанда Моңғолияның, негізінен, қазақтар мекендейтін Баян Өлгей аймағында туған. Ата-анасының атамекенге көшіп келуіне байланысты, төртінші сыныптан бастап Целиноград (қазіргі Астана) қаласының Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында оқи бастады. 1998 жылы осы гимназияны бітіріп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен. Оңалтай оқушы кезінде үш жыл қатарынан қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадаларға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып жүретін. Осыған байланысты университетке конкурстан тыс қабылданған. Оқумен бірге қобыз, домбыра, ән айту үйірмелеріне қатысып жүрді. 2002 жылы халықаралық журналистика мамандығы бойынша диплом алып шықты. Еңбек жолын «Аграрлы Қазақстан» республикалық газетінде тілші болып бастайды. Кейінірек «Эра» телеарнасында тілші, редактор болып қызметтер атқарған. «Қазақстан» республикалық теле-радио корпорациясының Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта «Жетінші телеарнада» ақпараттық бағдарламалар департаменті халықаралық және аймақ жаңалықтары бөлімінің редакторы қызметін атқарады. Үйленген. Екі баласы бар.

Жылы (шығыс күнтізбесі бойынша): Қой
Жұлдызы: Таразы
Сүйікті ас мәзірі: Қуырдақ
Сусыны: Қымыз
Бос уақыттағы ермегі: Домбыра тарту.
Жақсы көретін автокөлігі: Субару
Иіссуы: Кензо
Өмірлік ұстанымы: Уәдеге берік болу

Оқырманға айтар пайдалы кеңесі:
Ата-ананы сыйлау, ешқашан ауыр сөз айтпау.

«Жетінші арнада» жағымды жаңалықпен жолығайық, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста