«Талай жігіт өліп кетті»: Бағлан Әбдірайымов казино үшін алған қарызынан құтыла алмай жүргенін мойындады

«Талай жігіт өліп кетті»: Бағлан Әбдірайымов казино үшін алған қарызынан құтыла алмай жүргенін мойындады

«Жігіттер» тобының белді мүшесі Бағлан Әбдірайымов өзінің казиноға тәуелді болған кездерін еске алды. Әнші қазіргі таңда құмар ойын үшін жұрттан алған қарыздарын өтеп әлек. Ол біраз адамға әлі де қарыз екенін айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады KYN.KZ. 

«Бағланмен енді араласпа. Ол өшті, енді адам болмайды» деп еді. Мен «адам болмайды» дегенді жиі естігенмін. Еш көңілім түскен емес. Әйтеуір жақсылық болатынын сезетінмін, сенетінмін. Иә, талай жігіт сынып кетті. Талай жігіт өшіп қалды, талай жігіт өліп кетті. Егер дер кезінде мойындамағанымда, мен де солардың бірі болар едім. «Ауруын жасырған өледі» деуші еді, жасырмадым.

Сол ниетіме Жаратқан тура жолды көрсетсе керек. Кітабым жазылды. Міне, фильмі жарыққа шыққалы тұр. Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмеді. Жәй, өз мүмкіндігімді көргім келді. Адамның жасағанын адам жасайды екен. «Амалдан ниет жоғары» деген осы шығар. 60 мың теңгемен басталған бизнесім осы еді. Құмар ойыннан қалған қарызым бар, киноға алған қарызым бар — бәрінен құтылсам деген ниет бар.

Шынымды айтсам, қарыздан құтылып, ең бай адам болу — арманым. Артылып жатса, «қаладан үй алсам, әкеме жаңа көлік аперсем, өзіме көкпарға ат алсам. Жылы жаққа бала — шағамды алып, демалысқа кетсем» деген ниет бар. Сырымды айтамын деп, шынымды айтып қойдым ғой», — деді Бағлан Әбдірайымов.

KYN.KZ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста