Тағдыр тауқыметіне мойымаған жазушы

Тағдыр тауқыметіне мойымаған жазушы

Қазақстанның елордасы – Астана қаласы барша түркі халықтарының рухани орда­сына айналып келеді. Осынау биік мәртебеге жетуіміз кімнің арқасы? – деп сұраған кезде, әрине, еліміз­дің бетке ұстар түркітанушы­лардың арқасы дер едік. Оған түркітанушы-ғалым, акаде­мик Немат Келімбетов­тің де қосқан үлесі зор. Бүгінде Немат ағамыз арамызда жоқ болса да, оның ізденіске толы шығар­машылығы барша түркі халықтарының өшпес мұрасы болып қала бермек.
Н.Келімбетов – ежелгі түркі жазба әде­бие­тін кеңінен зерттеген Алаш азамат­тарының бірі. Ол қазақ әдебиетінің түп-төркіні Күлтегіннен емес, одан да бұрын – ғұн-сақ дәуірінен бастау алатындығын дәлелдеп берді. Бүгінгі таңда оның «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты сары мұқабасы бар кітапты Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары қолданып келеді. Осы еңбегінде ғалым қазақ әдебиетінің үш мың жылдық тарихын зерделеп, әрбір дәуірде болған батыр бабаларымыздың рухани жәдігер­ліктерін іздеп, бір жүйеге түсірген. Сол бай рухани мұраның ғылыми-танымдық қы­рын, көркемдік құндылығын нақышты тілмен жеткізе білді.
Жазушы-аудармашы Н.Келімбетовтің бұдан басқа шығармалары да баршылық. Олардың ішінен «Үміт үзгім келмейді» атты кітабын ерекше атап өткен жөн. Тағдыр тауқыметіне түскен Н.Келімбетовтің өмір сынынан өтіп, өз-өзімен арпалысуы осы бір құнды еңбекте баяндалады. 35 жасын­да мертігіп, жүріп-тұра алмаған ғалым мо­йымайды, қайта іштей өзін-өзі қайрайды. «Қалай болса да, мен өз тағдырымның иесі екенімді дәлелдеймін!», – деп жазады ол. Осыдан кейін дәрігерлердің қойған диагнозына қарамастан, Немат ағамыз сан алуан жаттығулар жасайды. Ал омырт­қа­дағы сыздап тұрған ауруын тек шығарма­шы­лықпен айналысқан кезде ғана ұмыта­ды. Уақыт өте келе, балдақпен, одан соң, оны да тастап, таяқпен жүре бастайды. Міне, осының бәрі «Үміт ізгім келмейді» атты кітабында айтылады. Сол шығармасы үшін ол ЮНЕСКО-ның Ф.Кафка атындағы Еуропа қоғамының алтын белгісімен де марапатталды. Себебі бұл еңбекте адам­ның өз-өзімен күресу философиясы және оның психологиялық астары жан-жақты көрсетілген. Бүгінде осы кітаптың негізінде Түркия жастарына арнайы курс­тар да оқытылады.
Ғарифолла ЕСІМ, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
– Өмір сүру үшін сенім қажет. Немат осы сенімге берік адам еді. Оның өмірі мен шығармашылығы баршамызға үлгі бола алады. 35 жасында мүгедек бо­лып, төсек тартып қалған оны адам қа­та­рынан шығарғандар да болды. Де­генмен Немат өмірдің «Үміт» атты шы­ра­ғын еш сөндірмеген. Осының арқа­сында аяққа тұрып, ел үшін еңбек етті. Кеңес заманында біз Николай Ост­ровскийдің төсек тартып, жатып қалған кездегі «Құрыш қалай шынықты?» («Как закалялась сталь?») деген романын оқып өстік. Сол шығарманың негізінде та­лай ұрпақ тәрбиеленді. Бірақ Ост­ровс­кий адамзат құндылықтарынан гөрі, идеологияны көбірек насихаттады, яғни ол өз сенімінің құлы болды. Ал Немат Келімбетовтің «Үміт» атты шы­ғар­масының кейіпкері – автордың өзі, сенімге берік адам. Ол адам баласын имандылыққа, жомарттыққа, азамат­тыққа шақырады. Сондықтан Немат Келімбетовтің шығармалары тарихи, мәдени-әлеуметтік және рухани жағы­нан Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» атты еңбегінен әлдеқайда биік, мағыналы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста