«Сырымды айттым далаға»

«Жыр шыңы – Қазыбексің қазақтағы» деп кезінде Мұзағаң, яғни Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың бағасын да, батасын да алған ақын болса, ол – Исаның Қазыбегі. Темірхан Медетбек сынды поэзиядағы ағасы айтпақшы,  «Қызылдың құмында туып-өскен ақынның жыр жинақтары да сол табиғи болмысқа тартып, «Қызық жыңғыл», «Керімсал», «Тәтті шөл» деп аталса керек. Қоғам қайраткерлігімен де танымал, «Жас қазақ үні» және «Жұлдыздар құпиясы» сынды беделді қазақ басылымдарының басшысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қазыбек Иса биыл 50 жасқа толып отыр. Соған орай қалың жұртын өзінің жыр кешіне шақырады.

Туған ел топырағынан басталған кеш...
«Сырымды айттым далаға» деп атала­тын бұл кеш бүгін сағат кешкі 18.00-де Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы залында өтеді.
Айта кету керек, ақынның мерейтойы бұған дейін туған ел топырағында баста­лып кеткен. Яғни қыркүйектің 18-22-сі ара­лығында Оңтүстік Қазақстанның Шым­кент, Шардара секілді біршама елді мекенінде Қазыбек Иса сынды перзентінің құрметіне ән-жыр кеші болған. Сол өңірде туып-өсіп, еліміздің беткеұстар зиялы қауы­мына айналған Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Кө­пен Әмірбек, Қалдыбек Құрманәлі, Жұба­ныш Жексенұлы сынды азаматтар сол кеш ортасынан табылған болатын. Асқар Мырзахмет бастаған облыс жұртшылығы 50-ге толған ер-азаматына темір тұлпар тізгінін ұстатып жіберді.
Бұл кеш те сол туған ел топырағында басталған тойдың заңды жалғасы іспетті, алайда одан әлдеқайда ауқымды, Алаш жұртының мәдени, рухани орталығы Алматыда өткендігімен ерекше. Жоғарыда аты аталған ақын-жазушылармен қатар, аталған кеште ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалмақ. Негізінен, ақын Қазыбек Исаның сөздерінің әнге айналып, тыңдарманның жүрегіне ұялағанына да біршама жыл болды. Біріміз біліп, екінші­міз біле бермеуіміз мүмкін, мәселен, сол ән­дер­дің бірі – «Нұрмұқасан» тобы орын­дайтын «Құдаша қыз» әні (әні –  Бауыржан Тұрғараев), «Шағаласы Шардараның» атты әнін (әні – Қалдыбек Құрманәлі) таяу­да Жұбаныш Жексенұлы тұңғыш рет орын­дап, туған жерде тұсауын кесіп қайтты. «Досқа тілек» атты тағы бір елге танымал әнін осы­дан 20 жыл бұрын Жеңіс Сейдолла орын­дап, әлі күнге репертуарынан қал­дыр­май келе жатқан жақсы әндерінің бірі. Осын­дай жақсы әндердің сөзі – Қазыбек Исанікі.

Ұлтшыл деген ұғым ақталуы керек, ұрпақ онымен мақтануы керек!
Жүрдім, жүрдім, жүрдім де,
Кетіп қалдым бір күнде...
Немкеттілеу ағайын,
Неге кеттім, білдің бе? – деп бір кездері туған ауылын тастап, Алматыға бір-ақ күн­де кетіп қалған ақын, міне, содан Алаштың жүгін арқалаған күйі «ердің жасы – елуге» қалай келгенін өзі де сезбей қалған бо­лар?! Бірақ өзі басшылық жасайтын басы­лым мен өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман­дары, сірә, Қазыбек сынды ақынының әр қадамын сол шығармашылық туындылары арқылы қалт жібермесе керек.
«Немкеттілеу ағайын» ақын ұлдарының «неге кеткенін» білмесе, есесіне зиялы қауым жақсы біледі. Егер сол кезде кетпесе, «талай көкірегі соқыр, ұйқысырап кеткен депутаттарды шошындырып қана қоймай, жалпы, қазақ қауымына ой салған» «Жас қазақ үні» газетін шығаруға кім ұйытқы болар еді? Одан да өзге әр азаматтың кө­кейіне «елім, жерім, тілім» деген ұғым­ның ұлылығын ұғындырған ұранды істердің басынан кім табылар еді? Алматының азабы мен ғажабы мол өмірінен ғазал жыр түймес еді ақын жүрегі... 50 жылдық сана­лы ғұмыры турасында өзіне есеп бергенде, әсіресе «соңғы кездері ақын не ойлап, не түйіп, қандай мәселелерге қабырғасы қа­йы­сып жүр екен» деген сұрақпен, өзіне хабарласып көрдік: 
Қазыбек ИСА, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:
– Кезінде сонау 1920 жылы Ахмет Бай­тұрсынов 50-ге толғанда Сәкен Сейфуллин мақала жазған, сонда оның ақын, жазушы, қайраткерлігін – барлы­ғын айтып келген де, бірақ «ең бастысы, ол – ұлтшыл» деп мақтаған. Көрдіңіз бе, ұлтшыл деген – мақтайтын, мақта­натын нәрсе. Ал бізде 70 жылда ұлтшыл деген мақтайтын емес, керісін­ше, дат­тай­тын нәрсе деген ұғым санамызға әбден сіңіп алған. Ату жазасына дейін апарып, біздерді басты да тастады. Бірақ ол заман кетті ғой, Тәуелсіздік алдық, енді кімге жалтақтап, кімнен қорқамыз ұлтшыл болуға? Бәрі керісін­ше болса, яғни ұлтшылдық та қайтадан ақталып, қайтадан мақтанатын ұғым қалпын алуы керек қой? Жоқ, ол сол бойы қалып қойды. Осы жазда қазақ­тың көнекөз қариясы, нағыз ұлтшыл азаматы Рахманқұл Бердібай көз жұм­ды. Сонда ол кісіні аза тұтып, бір емес, бірнеше басылымда «ол кісі ұлтшыл­дар­дың көсемі еді» деп жазылды. Сонда мен де марқұмды ақтық сапарға шығарып саларда «ұлтшылдар деген осы бүгін ұлтшылдардың көсемінің қазасымен ақталып отыр» деп айттым. Мұнымен айтпағым: кезінде жазықсыз айыпталған арыстарымыз секілді, «ұлтшыл» деген сөз де ақталуы керек. Бүгінгі ұрпақ ол сөзбен мақтанып, ұлтшыл болуға ұмтылуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста