«Сырғалым» телехикаясының DVD нұсқасы сатылымға шығады

«Сырғалым» телехикаясының DVD нұсқасы сатылымға шығады

 Режиссерлер Рашид Сүлейменов мен Дмитрий Коробкин түсірген «Сырғалым» телехикасының DVD нұсқасы сатылымға шықпақ. Бейнетаспаның тұсаукесері ағымдағы жылдың 19 маусым күні Алматыдағы «Меломен» дүкенінде өтетін болады.

«Сырғалым» телехикаясы қазіргі заманғы отбасының күнделікті өмірінен сыр шертеді. «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсірген отандық «Сырғалым» және «Сырғалым-2» телехикаялары қазақстандық тележобалардың сапасын жоғары дәрежеге көтере алғаны анық. Түсірілім барасында сценарий жазу мен режиссурада қазіргі заманға лайықты әдістер қолданылып, жоғары сапалы декорациялар құрылды. Сериалды 1 млн-ға жуық көрермен тамашалады.

Телехикаяның тағы бір ерекшелігі, мұнда қазақ тілінің тазалығына аса көңіл бөлінген. Бұған қоса тележобаны орыс тілді көрермендер де тамашалай алады.

Телехикаяның басты ролдерін Жұлдыз Маханова, Шер Әлі, Омар Қиқымов, Қалампыр Айсанғалиева, Әлихан Ыдырышева, Жандарбек Садырбаев сомдаған.

Алғаш рет аталған фильм «Қазақстан» ұлттық арнасында 2014 жылдың басында көрермендер назарына ұсынылған болатын. Телехикая бұған дейінгі түсірілген телехикаялардан әлдеқайда көп аудитория жинап, көрермендердің көңілінен шыға білді.

Айта кетейік, сериал өткен жылы «Жыл таңдауы» байқауында «Ең үздік телехикая» номинациясын жеңіп алған еді. Ал, басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «Ең үздік актриса» атағымен марапатталды.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста