Сырда сүлейлер аллеясы ашылады

Сырда сүлейлер аллеясы ашылады

Алдағы уақытта Сыр өңірінде есімі елге елеулі азаматтарға ескерткіш орнатуға көңіл бөлінетін болды. Сондай-ақ өнер қонған және батырлығымен аты шыққан, аймақтың ажарын аша түсетін бірқатар орындар тұсау кеспекші.
Облыс орталығында сүлейлер аллеясы ашылады. Көмейінен ән мен жыр ағылған өнер иелеріне арналған аталмыш аллея жайында жергілікті халық көптен бері билік басындағы азаматтарға құлаққағыс етіп келе жатқан еді. Биылғы Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесі қарсаңында осындай игі істер елдің көзайымына айналмақшы. Қазір оған жазылатын сүлейлерді түген­деу­ге назар аударылып отыр.
Сыр өңірінен шыққан батырлар да ес­керусіз қалмайтын болды. Қиын-қыстау ке­зеңде елдің тыныштығы үшін басын бәйгеге тіккен хас баһадүрлерге арналған ескерткіш орнатылады. Онда олардың есімдері тасқа қашалып жазылатын болды. Осының арқасында жас ұрпақ ерлігімен елге танылған ата-бабаларды жете тани алады.
Мұрат МҰХАМЕДОВ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
– Батырларымыз ел ардақ тұтқан елеулі тұлғалар болуы тиіс. Қазақтың азаттығы жолында тер төккен ержүрек ұлдар ескерусіз қалмайды. Сондықтан бұл мәселеге байыпты қарауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста