Шынар ЖАНЫСБЕКОВА, актриса: Ажалдың күлкісін іздеп жүрмін

Шынар ЖАНЫСБЕКОВА, актриса: Ажалдың күлкісін іздеп жүрмін

Шынар Жанысбекованы іздеп, М.Әуезов атындағы драма театрға келгем. Іздеген актрисам алдымнан шықты. Дайындықтан шыққан беті екен. Біртүрлі образда. Киінгені де. Дауысы да. Алғашында түсінбедім. Еріксіз жымидым. «Ой, мән берме, бір образды шығарам деп жынды боп жүрмін, қазір айтып беремін» деп күлді. Бір сағаттық сұхбат барысында актрисаның өмірі туралы спектакль көріп шыққандаймын. Бір отырды, бір тұрды. Біресе жанары жарқылдап мәз болса, бір мезетте көзіне жас толды. Мен осылайша сахнада бірде Ажарды, бірде Изольданы сомдайтын актрисаның өмірдегі шынайы қалпын танып қайттым. Шынар әпкеміз әңгімесін балалық шағына саяхаттаудан бастады.
– Мен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам деген кішкентай ғана ауылда туып-өстім. Үйде алты бала болдық. Әр сенбі-жексенбі сайын үйімізде концерт болатын. Үй іші мүшелері түгел қатысатынбыз. Мен Роза Рымбаеваның орындауындағы әндерді, анам Роза Бағланованың әндерінен шырқайтын. Әкем күй тартатын. Ол бізге «Еңлік-Кебекті» де, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» да – бәрін жатқа айтып беретін. Патефоннан «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» сынды жырларды тыңдататын. Ал шешем химия-биология пәнінің мұғалімі еді. Ән сабағын жүргізген кездері де бар. Бір бөлмеміз толған кітап болатын. Міне, әке-шешем мені өнерге, әдебиетке осылай баулыды.
Қиялымда киноға түсіп жүретінмін
Мені әртіс болады-ау деп ешкім ойламаған, ойламайтын да. Себебі, тұйық әрі қияли бала болдым. Өзім-ше бір әлемде өмір сүретінмін. Сол қиялилығымнан шешемнен көп таяқ жейтінмін. 6-сыныпқа дейін қатты тұтығатынмын. Сабақ айтарда сөзімді бастап кету қиынның қиыны еді. Бірақ, өте алғыр оқушы болдым. Алдыңғы параграфтарды алдын ала оқып баратынмын. 6-сыныпта үйімізде теледидар пайда болды. Оның өзі бір ғана қырғыздың «Ош» арнасын көрсететін. Үйде кино туралы қабырға газеттерін дайындайтынмын. Бикен Римова, Бикен Қыдыкеева, Сүйменқұл Чоқморовтың рөлдеріне тамсанып, соларға еліктеп өстім. Сол 70-жылдары көрген қазақ-қырғыз фильмдерін әлі күнге бос уақытымда қайталап қарағанды ұнатамын. «Қараш-қараш», «Жәмилә», «Ұрқия», «Қызыл алма»… – міне, осы фильмдерді көріп өстім.
Мединституттан қашып кеттім
Үйдегілер менен дәрігер шығады деп сенді. Ол кезде медальға бітіргендер емтихансыз оқуға түсе алатын. Мединститутқа барып тұрып, бұрылдым да, қашып кеттім. Содан «Арманым – актриса болу» деп, шынымды айттым. Әкем сонда: «Қызым, өте қиын жолды таңдадың, қандай жетістікке болсын тек еңбекпен жетесің, алдыңнан жарылқасын!» деді (көзіне жас алып, әкесі қатты ауырып жатқанын айтты – Қ.Д.). Өз күшіме сеніп барып, Рабиға Қаныбаева апамыздың сыныбына түстім. Бірінші семестрде елеусіз ғана соңғы партада отыратын студент болдым. Бір күні Рабиға апай: «Шынар, шық ортаға!» деді. «Ал, сабақтан шығып, жатақханаға келдің. Не істейсің? Радионы қостың. Жағымсыз музыка… Өшір. Енді не істемексің? Отыр да, үйіңе хат жаз. Жаз! «Әке, шеше! Менен әртіс шықпайды. Мені 1-семестрден соң оқудан шығарады. Мені күтіп алыңдар…» Осы тұсқа келгенде өкіріп жылап жібердім. Тоқтай алмай жыладым. Рабиға апай сахнаға шықты да: «Сенде сенгіштік бар, тазалық бар, қызым. Сенен мынандай (бас бармағын көрсетіп) әртіс шығады», − деп бетімнен сүйді.
Әкемтеатрға Әзекең өзі қабылдады
Ұлан: Театрға орналасу үшін қай өнеріңізді көрсеттіңіз?
Ш.Жанысбекова: Басында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына орналастым. Алайда, ол жерде ұзақ жұмыс жасай алмадым. Сосын домбырамды қолыма алып, Әуезов театрына келдім. Әзекең (режиссер Әзірбайжан Мәмбетов – ред.) тыңдап көрді де, «Күзде кел» деп шығарып салды. Сөйтіп жүргенде інім жол апатына ұшырап, қайтыс болды. Біраз уақыт қиналып жүрдім. Бір күні «Қадыр Жетпісбаев деген режиссер жастар театрын ашайын деп жатыр екен. Әуезов театрының 6-қабатында талапкерлерді қабылдайды» деп естідім. Ең болмаса жекеменшік театрға жұмысқа тұрайын деп ойлап, бақ сынауға келгем. Дәлізде Әзекең мен Фарида Шәріпова апай келе жатыр екен. Орнымнан тұрып амандастым. Сол кезде Әзекең маған қарай жалт бұрылды да, «Ты где ходишь, а?!» деді. Таниды деп ойламағам. Тура сол жерден қолымнан жетектеген күйі сахнаға ертіп барып, «Ал, ән салшы!» деді. Әндеттім. «Монолог оқышы» деді. Інімнің қазасынан кейін қайғы жетерлік қой, Ақтоқтының монологын көз жасым көл болып орындай бастадым. «Жақсы, жұмысқа қабылдауға өтініш жаз» деді. Осылайша, Әкемтеатрға 21 жасымда әртіс болып қабылдандым.
Ұлан: Сізді көпшілік көрермен сатиралық образда таниды, ал театрдағы рөлдеріңіз салмақтылау ғой…
Ш.Жанысбекова: Үш жылдай рөлсіз жүрген кезім болды. Сондай шақта пародияны да көрдім. «Хабар» арнасында «77 күнге» түстім. Сол кезде Лұқпан аға «Тамашаға» да қайта-қайта шақырды. Бірақ, мен сатираны таңдамадым. Кейде маған «Тойға келіп, пародия жасап беріңізші» деп хабарласатын, сондайда намыс-танатынмын. Ертең мен сахнаға шығып, Еңлікті, Ажарды ойнап жатқанымда, көрермендердің менің күлкілі образдарымды еске түсіріп, күліп отырғанын қаламадым.

«Фобиядан» «шок» алғанмын
Ұлан: «77 күн» демекші, телеарналардан мүлде көрінбей кеттіңіз?
Ш.Жанысбекова: Біраз уақыт «жұлдыз» да боп жүрдім. Түрлі-түрлі сұхбат та бердім, неше түрлі телебағдарламаларға да қатыстым. Сосын мұның бәрінің әр жерде жылтыңдау екенін түсіндім. Тіпті, бір жылдан бері ешқайда сұхбат бермедім, тек, кеше «Айқын» газетіне, бүгін саған сұхбат берудемін. Өйткені, «Фобиядан» кейін «шок» алғанмын. Әр жерде бір көріне беруден қашу керек екенін түсіндім. Себебі, мен «тырнақшадағы жұлдыз» болғым келмейді… Киноға түссем, нағыз киноға түскім келеді. Әмина апамыз «Тақиялы періште» және «Ана туралы аңыз» фильмдерімен-ақ есте қалды ғой.

Тек таланттармен ғана жұмыс істегім келеді
Ұлан: Әйтсе де, сіздің әлі күнге кинода есте қаларлық рөліңіз жоқ қой…
Ш.Жанысбекова: Соңғы 7-8 жылдан бері киномен ауырдым. Сериалдарға да түстім. Былтыр Сатыбалды Нарымбетовтің тарихшы Е.Бекмаханов жайлы «Аманат» деген фильміне түстім, жуырда жарыққа шығады, бұйырса. Жақында тағы бір үлкен жобаға шақырылдым. Өзіме мақсат қойдым: тек талантты адамдармен ғана жұмыс істеймін. Былтыр бір үлкен жобаны жүргізуге де шақырды. Маған ақша керек емес дейсің бе? Менің де басымда несием бар, Қарлығаш. Менің де екі баламның дәл қазір тіл үйренетін шағы. Оған да қаражат керек. Бірақ, мен қайтадан сол баяғы «77 күндегі» Шынар образында болғым келмейді.
Ұлан: Сонда нақты қандай образды армандап жүрсіз?
Ш.Жанысбекова: (Орнынан тұрып кетті) Біздің арамызда түрлі тағдыр иесі жүр. Мен сондай бір ерекше тағдыр иесін сомдағым келеді. Шетелдік режиссерлер бір-ақ адамның тағдырын бейнелеп, әсерлі фильмдер түсіреді. Мәселен, ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің стиліндегі фильмдер. Ал мен Домалақ ананы, Тұмар патшаны, Ұлпан ананы армандаймын дегеніммен, ол туралы кім, қашан кино түсіруді қолға алмақ?! Белгісіз ғой.
Ұлан: Кейіпкерлеріңіздің образын сомдау үшін қалай дайындаласыз, соны айтып беріңізші?
Ш.Жанысбекова: Мысалы, қазір жынды боп жүрмін ғой (күліп). Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектакліндегі жаналғыштың рөліне дайындалудамын. Иран-Ғайып ағамыз пьесасында жаналғыш Ажалды қаба сақалды шал бейнесінде жазыпты. Ал спектакльдің қоюшы режиссері литвалық Йонас Вайткус: «Жоқ, мен Ажалды әдемі әйел бейнесінде көрем» деді. Бұл жаналғыштың рөліне мені көктемде бекітті. Актерлік тәжірибеңе 20 жыл, мейлі 30 жыл болсын, әр жаңа рөлді алғанда бәрін жаңадан бастағандай боласың. Ең бірінші ойыма келгені: оның күлкісі мен дауысын табу керекпін. Бір күні қызым: «Мама, сен түсіңде қызық дауыспен күлдің, мен тіпті шошып кеттім», – деп, мені оятып жіберді. «Қызым, неге сен мені ояттың, мен түсімде де жаңа кейіпкерімнің күлкісін іздеп жүрмін ғой» деймін. Балаларым да, күйеуім де менің ондай қылықтарыма әбден үйренген (күліп). Ажалды кім көрген?! Ол кәдімгі адам емес қой. Қалай образын шығарам деумен күндіз-түні басым қатып жүр (күліп).

Жеке өмір сәл-пәл құпиялау болуы керек
Ұлан: Ұл-қызыңыздың өнерге қызығушылығы байқала ма?
Ш.Жанысбекова: Қазір ұлым 15-те, қызым 13-ке келеді, есейіп қалды. Кішкентай кездерінде екеуін дубляжға да қатыстырдым, киноға да түсірдім. Қызым «әкем сияқты экономист болам» деп жүр. Ал ұлыма қарасам, кішкене күндегі өз қалпымды танығандай боламын. Ол да тұйық. Кейде менен сұрап, ескі фильмдерді көреді. Екеуі де қосымша ағылшын тілін оқиды, суға жүзуге барады. Егер балаларым актер боламыз десе, қуанар едім.
Ұлан: Қазір әртіс біткен әлеуметтік желіде жеке өмірлерін барынша жарнамалайды ғой. Сіз де біраз желіде тіркелген екенсіз…
Ш.Жанысбекова: Фейсбукте, инстаграмда, твиттерде бармын. Вконтактіге қызым тіркеп қойған. Елдер сияқты ішкен-жегенімнің бәрін инстаграмға салып, жүрген-көргенімнің бәрін фейсбукте айтпаймын. Өнер адамы болсын, мейлі кімнің болсын, жеке өмірі көпшілік көзінен сәл-пәл құпиялау болуы керек қой…
zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста