Сын сардары Әшірбек Сығайға арнап ас берілді

Сын сардары Әшірбек Сығайға арнап ас берілді

Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерде адалдықтың туын ұстаған Әш ағаның өмірден озғанына да талай күндер өтті. 67-ге қараған шағында өмірден озған дара талант иесі үшін қазақ өнері қара жамылды. Театрға, әзіл әлеміне үңіліп, сайгез толы садағына сынның сырлы жебесін толғап тартқан Әшірбек ағаны енді қалың елі қазағы сағына еске алады.
Қатпары тариққа тұнған Қаратау баурайындағы Хантағыдан түлеп ұшқан семсер серісі, белгiлi театр сыншысы, мемлекет қайраткерi, Мемлекеттiк сыйлықтың, «Құрмет» орденiнiң иегерi Әшiрбек Төребайұлы Сығайдың рухына арнап жерлестері ас берді. Ұлағатты ұстаз ретінде кезінде өзі білім алған ауылындағы мектептің қасбетіне қаламгердің құрметіне ескерткiш тақта орнатылды. Еске алу жиынына қайраткердiң жары Күләш, ұлы Қанат, әпкесi Қыздаркүл, Алматы, Шымкент, Түркiстан қалаларынан, Отырар және Созақ аудандарынан келген зиялы қауым, әрiптестерi, замандастары, ағайын-туыс, бауырлары қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ерлан Айтаханов Әшiрбек Төребайұлының қазақ өнерi мен мәдениетiне қосқан өлшеусiз еңбегi жайында кеңiнен әңгiмеледi. Қаламгерлер Мархабат Байғұт, Ханбибi Есенқарақызы, Нармахан Бегалыұлы, Рахым Балабиев, режиссер Халила Омаров, замандасы Сейдiллә Адыршаевтың жүрекжарды лебiздерi көпшiлiкке ой салды.

Ерлан АЙТАХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары:
– Әрбiр ұлтта еңбегiн үлгi ететiн бiрегей тұлғалар болады. Әшiрбек аға да сондай асылдың сынығы едi. Ол кiсiнiң қазақ театр өнерiне сiңiрген еңбегi өлшеусiз болды. Осы салада биiк лауазымдарды да абыроймен атқарды. Қазақ мәдениетiнiң көк байрағын биiкке желбiреткен тұлғаның есiмi елiнiң есiнде мәңгi қалады.
Ә.Сығай туып өскен Хантағы ауылындағы Пушкин атындағы мектепте ескерткiш тақтаның ашылу рәсiмiне қатысқан көпшiлiк қайраткер атындағы өнер сыныбымен танысты. Мәдениет майталманының мектепке қонақ болып келген кезiнде түсiрiлген бейнефильмдi тамашалады. Қайраткердiң зайыбы Күләш Дулатбекқызы игi iстi ұйымдастырушы жерлестерiне ризашылығын бiлдiрдi.

Күләш СЫҒАЙ, Ә. Сығайдың жары:
– Көп шаруалары аяқсыз қалды, бастаған біраз кітаптарын да жазып үлгермеді. Барлығын аяқтаймын, аяқсыз қалдырмаймын, халқыма рухани азық сыйлаймын деп жүргенде өмірден өтті. Енді жас ұрпақ, оның шәкірттері оның арманын, бастамаларын жалғайды деп сенемін.

Кентау көпсалалы колледжiнiң жастары тамаша дарын иесі хақында әдеби композиция ұсынса, режиссер Халила Омаровтың бастамасымен түсiрiлген Әшiрбек Сығайдың өмiрi мен еңбек жолына, шығармашылығына негiзделген «Сын сардары» фильмі көрсетiлдi. Бір сағаттық деректі фильмді түсіру үшін шығармашылық топ Әшірбек Төребайұлының өзімен бірге туған жерін аралаған. Ресейдің бірқатар қалаларына ат басын бұрған. Марқұм өзі жайлы фильмді көріп, жақсы баға беріпті. Бірақ, «көптің алдына ұсынамыз» деп жүргенде қалың жұртқа қара жамылтып, пәнимен қоштасып кете барды,- дейді режиссер.

Қалила ОМАРОВ, кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Тек қазақ театры емес, Одақ бойынша театрларда қалдырған ізі бар. Сол жердің бәрінен біз жүріп өттік десек болады. Ол кісі шаршамай, осы кино түсірушілер тобымен бірге жүрді және фильм біткесін Күләш апам екеуі үйінде отырып, екі рет көрді. Ескертпелері болды, оларды орындадым. Бұл кісінің аузынан шыққан театр туралы естеліктер мен ұғымдар, өмірдеректер құндылығын ешуақытта жоймайды. Сондықтан мен фильмнің жартысын осы театрға арнадым. Ал екінші жартысын ол кісіеің туып-өскен жері, қалыптасуы, замандастарының пікіріне арналды. Фильм осындай 2 қоржыннан тұрады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста