«Шығыс шынары» шайырларды шақырады

«Шығыс шынары» шайырларды шақырады

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, 2012 жылғы 2-4 маусымда «Шығыс шынары» атты дәстүрлі халықаралық мүшәйра өткізеді.
Жыр жарысына Қазақстан ақындары­мен қатар, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан, т.б.  мемлекет­терде тұратын отандастарымыз қатыса алады.
Мүшәйраның мақсаты:
Қазақстанның «жауҺары» атанған жер жәннаты, өндірістің ордасына айналған  Шығыс Қазақстан облысының тамаша таби­ғаты мен қол жеткен табыстарын жыр­ға қосу, оның бас шаһары, кенді Алтайдың кіндігі  – Өскеменді өлеңмен өрнектеу, қа­лың қауымға насихаттау және сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру.
Мүшәйра тақырыптары:
1. Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік рәміздеріне – 20 жыл.
2. «Шығыс шынары» (Шығыс Қазақстан  облысы мен  Өскемен қаласы туралы өлеңдер).
3. Еркін тақырып.
Мүшәйраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2012 жыл­ғы  мамыр айының  25-не дейін   «Мүшәй­раға» деп, бүркеншік атпен жіберуі тиіс. Қосымша бөлек конвертте автор жайлы мәлімет (аты- жөні, мекені, телефондары, суреті, ақынның шығармашылығы туралы шағын ақпарат, т.б.) толық жазылуы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы дискіге жазылып, қоса жіберілгені жөн. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады.
Мүшәйраның  I-ші кезеңінің қорытын­ды­сы мамыр айының аяғында анықталады. Маусым айының басында ІI-кезеңге жіберілген ақындар мен «Мүшәйраның» құрметті  қонақтары шақырылады. Мүшәй­ра табиғаты сұлу, қазақтың «Швейцариясы» атанған шығыстың шұрайлы топырағында, Өскемен қаласында өткізіледі.
Ақындардың жыр додасы барысында мүшәйраға қатысушылар қазақтың белгілі поэзия шеберлерімен кездесіп,  дөңгелек столдар, сұхбаттар ұйымдастырылады. Соңында II-кезеңнің қорытындысы жария­ланады.
Жеңімпаздарға тағайындалатын сыйақылар көлемі:
Бас бәйге – 1 200 000 теңге,
Бірінші орын біреу – 800 000 теңге,
Екінші орын екеу  – 600 000 теңгеден,
Үшінші орын үшеу – 400 000 теңгеден,
Арнаулы жүлделер төртеу – 200 000 теңгеден,
Ынталандыру сыйлығы төртеу – 150 000 теңгеден.
Қатысушылар мен шақырылатын қо­нақ­тардың жол қаражаты, тамағы, жатын-орыны ұйымдастырушы тарап  есебінен.
Өлеңдерді мына мекенжайға жіберу керек: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй, 1-қабат. Қазақстан Жазушылар одағы, «Жұлдыз» журналының редакциясы. Хабарласу үшін – тел: 8 (727) 272-59-44; 
Ұйымдастыру  алқасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста