Шығармашылығым көнеден жеткен дәстүрлер мен лирикаға толы

Шығармашылығым көнеден жеткен дәстүрлер мен лирикаға толы

Болот Байрышев, жыршы, Алтай Республикасы мен РФ еңбек сіңірген әртісі:
Бұған дейін The Spirit of Tengri фестиваліне атақты көмей әншісі, Алтайдың саф өнері – қай орындау дәстүрінің аса танымал өкілі, жыршы, Алтай Республи­касы мен Ресей Федерация­сының еңбек сіңірген әртісі Болот Байрышевтің қаты­сатынын хабарлаған едік. Алтайдың әйгілі қайшы­ларының тұяғы жобаға көне түркілік рухтағы бірнеше шығармасын ұсынып отыр. Жуырда Алматыда қонақта болған музыкант келер жылы өтетін фестивальға ақ батасын беріп кетті.

                             Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

– Болот, The Spirit of Tengri-ге қалай шақыру алғаныңызды айта кетсеңіз...
– The Spirit of Tengri туралы бір жыл бұрын естідім. Алтайда, Сібірде этникалық музыка орындаушыларының көбі бұл жоба туралы хабардар екен. Көмеймен ән орындайтын музыканттар маған осы фес­тивальға қатысуға кеңес берді. Содан Алматыға қоңырау шалып, өтініш біл­дір­дім. Менің қызығушылық танытқаныма ұйымдастырушылар дән риза болып, қуана құп алды. Қазір этникалық музыкаға арналған мұндай ірі фестивальдар, жобалар жоқ. Сол жағдай кішкене жүре­гіме тиеді. Әрине, кейбір фестивальдар, байқаулар бар – бір-екі күн ән айтасың да, кетесің. Ал The Spirit of Tengri – ондай өт­кін­ші жоба емес, бұл – ғаламтордың, теле­арна мен радионың даму мүмкін­діктеріне қарай дұрыс ойластырылған фес­тиваль. Мұнда өнер жүйелі түрде на­сихатталады. Ал қатысушылардың шығар­маларына дауыс беру кез келген адам үшін өте ың­ғайлы. Ең бастысы, ол кең ауди­торияны қам­тиды. Мен The Spirit of Tengri-ге үш ән алып келдім. Сонымен бірге осы сапа­рымда бірнеше шығарма орындап, бейне­жазбаларға түстім.
– Қай өнерінің аса танымал өкілісіз. Көмеймен жыр орындаудың дәстүрінің қазіргі замандағы дамуы қалай?
– Қай – Алтай халықтарының ұлттық белгісі. Батырлық эпостарды бабаларымыз көмеймен әндете орындаған. Николай Ұлағашев, Алексей Калкин, Табар Чачия­ков сияқты әйгілі қайшылар көне мұраның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына себеп бол­ды. Қайды орындаудың бірнеше стилі бар: қарғыраа – төменгі дауыс, көмей – сәл жоғары, сығыт – ысқырық тәрізді. Алтай­лықтарда қарғыраа стилі кең таны­мал. Жастарымыздың арасында осы ұлттық өнерге қызығушылық бар. Өзіме халықтық шығармалар қатты ұнайды. Шы­ғармашы­лығым көнеден жеткен дәстүрлер мен лирикаға толы. Өйткені мен туған өңір – Таулы Алтай – аңыз-әпсана­лардың мекені. Отаным тарихи шежірелер мен табиғаттың жұмбақтарына тұнып тұр. Мен мұның бәрін танып өскеннен кейін шетелге шық­қанда қандай бағыт­та жұмыс істеу керек­тігін ұғындым. Өз дәс­түрімізді, эпос­тарды кө­меймен айту шығарма­шылығын на­сихат­тауды қолға алдым. Біздің дү­ние­­танымымыз пұтқа та­быну, шамандық пен тә­ңіршіл­дік рухтан тұ­рады. Міне, осыны әлем­ге та­нытуды көздедім.
– Қандай аспап­тар­да ойнайсыз?
– Екі шекті топшурда, бұл – домбыраға ұқсас аспап, қомыста, бұл – вар­ган және үрмелі аспап­тардан шоор, үң­гірік, икилиде ойнай­мын. Әр аспаптың өз қасиеті бар. Ал орын­дауымдағы әндердің қатары 30-ға жуық.
– Қазақтың ұлттық музыкасымен таныс­сыз ба?
– Әрине. Қазақстанға мен ең бірінші рет 1981 жылы әскерге алынғанда келдім – Байқоңыр ғарыш айлағында әскери борышымды өтедім. Сол кезде көптеген фестиваль-байқауларға қатысып жүрдім. Арада біраз уақыт өткенде әнші болып танылғаннан кейін қазақ жеріне тағы келіп, «Алтын алма», «Азия дауысы» фес­тиваль­дарына қатыстым. Гастрольдік сапарлар­мен де көп келіп жүрмін. Қазақ­тың ұлттық музыкасы маған өте жақын, қазақ әндерін тыңдап, осы елді есіме алып тұрамын.
– Қазіргі кезде Таулы Алтайдың этникалық музыкасына қай елдерде сұраныс көп?
– Барлық жерде сұраныс көп. Еуропа мен Азия елдері мені жиі шақырып жата­ды. Айталық, Жапонияда көмей әндерін тың­дау­шылар көп. Соңғы кездері әлем бойын­ша фолк-джаз-рок фестивальдары жиі өткізіледі. Мұндай шараларда да көмей әуеніне сұраныс жоғары. Көмей үні қазіргі заманғы музыканың барлық ағымымен үйлесім табады. Сонымен бірге Алтай өл­кесіне көмей әуенін, қайды тың­дау үшін әдейілеп келіп жататын туристерде есеп жоқ. Әндерімізді тыңдап, көмеймен ән орындаудан дәріс алып кетіп жатады.
– The Spirit of Tengri жобасынан не күтесіз?
– 90-жылдары «Азия дауысы» фес­тиваліне қатысқанымды білесіздер. Бұл сол кезеңде күллі құрлыққа танымал жоба болатын. Оған нағыз мықты музыканттар қатысатын. Ақтық сайысқа жолдама алу үшін төрт іріктеу кезеңінен өту керек. Ха­лық шығармашылығына қолдау көр­сеткен бұл фестиваль, өкінішке қарай, жа­былып қалды. Енді The Spirit of Tengri-дің «Азия дауысын» тұралатқан факторларды айна­лып өтетін, мәңгілік жоба болатынына сенемін. Ол заманауи халықтық музыка орындаушыларының басын біріктіріп отыр. Дегенмен олардың көбін, мысалы, сахалық Юлианамен, қырғызстандық Гүл­задамен, Таулы Шориядан Чылтыспен, Тывадан шыққан Сайнхо Намчылакпен бұрыннан жақсы қарым-қатынастамын, енді қайтадан бірге бір сахнада өнер көрсететініме қуаныштымын. Фестивальға ақ жол болсын деп тілеймін. Жобаға қатысуға ниетті орындаушылар көп бол­сын, олар біздің ұлттық құндылық­тары­мызды байытып, тыңдармандарды разы қыла берсін!
– Рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста