Суретшілер отбасының көрмесі

Суретшілер отбасының көрмесі

Кеше Қазақстан Респуб­ли­касының Мем­ле­кет­тік орталық мұражайында белгілі суретші Рыстан Өмірзақтың «Атамекен» атты сурет көрмесінің ашылуы болды. Көрмеге суретші мен оның отбасы мүшелерінің 60-тан астам туындылары қойылған.
Ұлттық құндылықтарымызды қазақы на­қышта бейнелеп жүрген қылқалам ше­бері Рыстан Өмірзақтың туындылары те­рең философиялық мазмұнға құралған. Ол сондай-ақ еуропалық біліммен сусын­да­ғын санаулы қазақ суретшілерінің бірі.
Өнертану саласы білгірлерінің айтуы бойынша оның салған оюлары өткен замандардағы нұс­қа­лардан бөлек, жаңаша сипатқа ие. Осы ретте Рыстан Өмірзақов әлемге әйгілі Пикассо, Матисса туын­ды­ла­рының түп­нұс­қаларын зерттеу арқылы өзі де жазық кенепке ерекше ізденістер енгізу мүм­кін­дігін меңгерген өнер шебері деуге болады. Өзінің қолтаңбасын айшықтау үшін суретші тектік белгілер ретінде тау тас­та­рына салын­ған көне суреттерді жиі пай­да­ланады.
Суретшінің бір ерекшелігі, көне дүние мен қазіргі заманғы ұғымдарды өзара бай­ланыстырып, айтар ойын ұлттық ою-өр­нектер арқылы жеткізуге тырысады. Атал­ған көрмеге сондай-ақ суретшінің жары Кәлемхан Рахметбай, дарынды қыз­дары,  көптеген халықаралық бай­қау­лар­дың қатысушысы Айнұр мен Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанған Гүлназымның да бірнеше туын­ды­лары қойылған.
Мұнда жекелеген еңбектерімен қатар, суретшінің жарымен бірлесіп салған су­рет­тері мен кестелері де көрген көзді сүй­сіндірмей қоймасы анық. Мамандар көр­ме­дегі тың тақырыптағы ерекше туын­ды­лар­ды тиісінше бағалап, ұлттық бейнелеу өнеріне жаңа даму үрдісі келе жатқанын атап өтті.
Отбасылық сурет көрмесі алдағы 14 ақпанға дейін жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста