Былтырғы жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейіннен толығымен ақталып шыққан Ақтөбе облысының бұрынғы атышулы сот төрағасы Мұхтар Есжанов ендігі жолы кітап жаза бастады. Өз туындысын ол тергеушілер мен прокурорларға арнамақ екен.
Шығармашылық жоспары туралы Мұхтар Есжанов Алға ауданы соты ғимаратының ашылу салтанаты барысында тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті.
Кезінде төрағалық етіп отырғанда аудандық сот ғимараты құрылысының басталуына арқау болған Мұхтар Есеркепұлы әріптестеріне Ежелгі Түркістан бейнеленген суретті сыйға да тартты. Мұнымен экс-сот төрағасының сыйы бітпейді екен...
Мұхтар Есжанов,
Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы төрағасы:
– Менің кітабым, негізінен, деректерден құралған. Онда маған қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан бастап, алаяқ деп жала жапқандары туралы, әрі өзімді қалай қорғағаным сөз болады. Осылайша мен тергеушілер мен прокурорларға сабақ болғым келеді. Қарапайым тұрғындар да бұл туындымды қызықтар деп ойлаймын.
Судья өзі туралы кітап жазды
Последние статьи автора